Африка Ресеймен ынтымақтастықты тереңдетуге мүдделі – РФ Федерация кеңесінің төрағасы

© Sputnik / Медиабанкке өтуЭфиопия астанасы – Аддис-Абебеде ашылған Sputnik редакция орталығы ашылды
Эфиопия астанасы – Аддис-Абебеде ашылған Sputnik редакция орталығы ашылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.02.2025
Жазылу
Кеңес төрағасы Эфиопияда Sputnik редакциясының ашылуы арқылы екі жақты қарым-қатынас жаңа деңгейге көтерілгенін ерекше айтты
АСТАНА, 20 ақпан – Sputnik. Ресей Федерация кеңесінің төрағасы Валентина Матвиенко Эфиопия астанасы Аддис-Абебеде ашылған Sputnik редакция орталығында бірінші болып сұхбат берді. Ол Африка елдерінің Ресеймен ынтымақтастық байланысын дамытуға мүдделі екенін, қазірдің өзінде осы қарым-қатынастардың нақты нәтижесі барын алға тартты.

"Реннесанс басталды"

Матвиенконың айтуынша, бұрын Африкада Батыс елдерінің ықпалы қатты болды. Олар өздерінің ұлттық мүдделерін ғана көздеді. Ал жергілікті халықтардың құқықтарына, салт-дәстүрі мен мәдениетіне мән берген жоқ. Қазір де демократияны желеу етіп, кімге және қай бағытта даму қажеттігін айтып отырады. Бірақ бүгінгі маңызды өзгерістер ескерілмей жатады.
"Әлем көпполярлық құрылымға, барынша әділетті әлемге бет алды. Бұл әлемде әрбір елдің мүддесі, соның ішінде Африка халықтарының мүддесі де ескеріледі. Меніңше, Африка сол көпполярлық әлемнің маңызды тірегі бола алады. Себебі олар дәл қазір қатты дамып жатыр. Африка құрлығының әлеуеті жоғары. Ол жерде минералды ресурстардың үлкен қоры бар, қазба байлықтары көп. Ал, ең бастысы, олар өз тәуелсіздігін бағалайтын, көзі ашық мемлекеттер, осы жолдан ешкім тайдыра алмайды", - дейді Матвиенко.
Осы орайда кеңес басшысы Африкада Кеңес одағына қатысты жылы естеліктер де қалғанын ерекше атап өтті. Бүгінде біраз уақыт өтсе де, көбісі Одақ көмегін ұмытпады.
"Мен барған жерлерде және кездескен адамдардың көбісі сол кездегі Кеңес одағының көмегін әлі ұмытпапты. Біз оларға өз тәуелсіздігі үшін күресуге көмектестік, жаңа егемен елдердің қалыптасуына жәрдемдестік. Соның бәрін қайтарымсыз негізде жасадық, Батыс сияқты шарт қоймадық, пайда іздеген жоқпыз. Біз сол кезде зауыттар, мектептер мен жолдарды салдық. Африка халқы оны ұмытқан жоқ және Ресеймен ынтымақтастықты дамытуға мүдделі. Қазір біздің ынтымақтастығымыздың ренессансы басталды деуге болады. Осы қарым-қатынастар өз жемісін де беріп жатыр", - деді Матвиенко.

Неге Эфиопия

Матвиенко өз сөзінде Африкадағы коллонилизм заманын да еске алды. Сол кезде Батыс елдері өте ауыр қылмыстар жасады, жергілікті халықты құл ретінде пайдаланып, ресурстарды да көптеп сыртқа шығарды. Мәдени-тарихи құндылықтар да шетел асып кетті. Бірақ Батыс бәрін түсінеді, бірақ іс жүзінде әрекет етіп жатқан жоқ.
"Юриспруденцияда "әрекетпен өкіну" деген түсінік бар. Меніңше, Африка елдері сол әрекетпен өкінуді, қайғы-қасіреті үшін ақы талап етуі керек. Бүгінде осы мәселе сан алуан халықаралық алаңдарда да көтеріліп тұрады", - дейді Матвиенко.
Оның айтуынша, бүгінде африкалықтар өз тәуелсіздігін ерекше бағалайды. Ал Батыс елдері пайда көргісі келеді. Бірақ ештеңе істей алмай отыр. Себебі бұрынғыдай ешкімді алдай алмайсың. Жергілікті халық өздігімен шешім қабылдайды.
"Мысалы, қазір біз отырған Эфиопия – толығымен егемен ел, халықаралық және аймақтық мәселелер бойынша өз ұстанымы бар мемлекет. Эфиопия осы аймақта көшбасшысы мемлекет бола алады. Қазірдің өзінде Африканың дипломатиялық астанасы болып отыр. Бұл жерде Африка одағының штаб-пәтері де орналасқан. Эфиопияның даму қарқыны қатты және өзінің тәуелсіз саясатын жүргізе алады, уақыт өткен сайын әлемнің ықпалды және беделді мемлекетіне айналып келеді. БРИКС-тің толыққанды мүшесі болуы да жайдан жай емес", - деді кеңес басшысы.

Сыртқы күштерден қалай қорғанамыз

Матвиенконың айтуынша, бүгінде парламентарийлер де сыртттан араласатын күштерге қарсы тосқауыл қоя алады. Мәселен, Ресейдің Федерация кеңесінде елдің ішкі істеріне сырттан араласуға жол бермеу жөніндегі арнайы сенаторлық комиссия бар.
"Біз өте сауатты заңнамасы жасай білдік. Соның арқасында USAID және тағы сол сияқты ұйымдардан көмек алған құрылымдардың қызметіне жол бермедік. Біз оларға шектеу қойған жоқпыз, өз жұмысын ашық жүргізуге ғана міндеттедік. Ақшаны кімнен және қандай көлемде алып отырсыздар, ол ақша қандай мақсатта жұмсалады, осының бәрін реттеп алдық. Содан ондай құрылымдардың саны күрт азайды", - дейді Матвиенко.
Бүгінде осы тәжірибе басқа елдерге де пайдалы болады. Ал ресейлік сенаторлар онымен бөлісіп келеді. Бүгінде бірқатар мемлекет тиісті заңдарды қабылдады.
"Грузияда не болғанын бәріміз жақсы білеміз. Олар өз мемлекетін, егемендігін ойлады. Ал шетелдік агенттер туралы заңға қарсы наразылықтар бұрқ ете түсті. Негізі, ондай заңдар АҚШ-та бұрыннан бар. Біреулерге заңның атауы ұнамайды, бірақ оны дұрыс қойған", - деді кеңес басшысы.

Sputnik не үшін ашылды

Кеңес төрағасы Эфиопияда Sputnik редакциясының ашылуы арқылы екі жақты қарым-қатынас жаңа деңгейге көтерілгенін ерекше айтты. Сосын африкалықтар шынайы ақпарат іздейді.

"Бұл жерде Sputnik редакция орталығы сияқты мықты ақпараттық ресурстың ашылуы Африкаға өз әсерін тигізеді деп білемін. Сіздер шынайы ақпаратты бере білесіздер. Тексерілген, әділ, керек болса, сынды да айтасыздар. Соның бәрі өз көмегін тигізеді", - дейді Матвиенко.

Кеңес басшысы тағы бір датаны еске салды. Тура 127 жыл бұрын, яғни, 1898 жылдың 17 ақпанында Ресей мен Эфиопия дипломатиялық қарым-қатынас орнатты. Бұл Африка құрылығындағы алғашқы мемлекет болды. Sputnik-тің келуімен жаңа мүмкіндіктер үшін ақпараттық кеңістік ашылып отыр.
Эфиопияда Sputnik редакциялық орталығы ашылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.02.2025
Эфиопияда Sputnik редакциялық орталығы ашылды
Жаңалықтар
0