Құрылыс компаниялары 16% құн салығын төлеуі мүмкін

"Меніңше, қосылған құн салығын енгізген дұрыс. Оның себебін айтайын. 2023 жылы бізде көлеңкелі экономиканың көлемі 20 трлн теңге болды. Соның басым бөлігі көтерме-бөлшек саудаға, ауыл шаруашылығына, құрылысқа, денсаулық пен білім саласына тиесілі. Бір қызығы, қазір құрылыс саласында қосылған құн салығы жоқ. Бірақ баға негізсіз өсіп жатыр. Мысалы, біз талдау жасадық. Оған сәйкес, құрылыс материалдарының бағасы орташа есеппен жылына 6 процентке өсіп отырады. Ал пәтерлердің бағасына 16 процент қосылып тұрады. Бұл дегеніміз, құрылыс компаниялары үстінен тағы біраз ақша қосып, табыс көріп жатыр",- деді Амрин журналистерге берген сұхбатында.
"Негізі, құрылыс компанияларына түсетін қосымша салықтық жүктеме шамамен 3 процент болады. Демек, олар баспананың бағасын тек 3 процентке көтеруге тиіс", - деді вице-министр.