https://sputnik.kz/20250219/qostanaylyq-oqushy-kopirdi-qiraudan-qorgaytyn-tekhnologiya-oylap-tapty-51001651.html
Қостанайлық оқушы көпірді қираудан қорғайтын технология ойлап тапты
Қостанайлық оқушы көпірді қираудан қорғайтын технология ойлап тапты
Sputnik Қазақстан
АСТАНА,19 ақпан – Sputnik. "Smart Bridge" инновациялық жобасы көктемгі қызыл судан көпірлерді қиратпай аман алып қалады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің... 19.02.2025, Sputnik Қазақстан
2025-02-19T22:49+0500
2025-02-19T22:49+0500
2025-02-19T22:49+0500
өнертапқыш
қостанай облысы
https://sputnik.kz/img/07e9/02/13/50994640_0:64:1201:739_1920x0_80_0_0_5ad87131d0dac54a37fcd6b423e38b72.jpg.webp
АСТАНА,19 ақпан – Sputnik. "Smart Bridge" инновациялық жобасы көктемгі қызыл судан көпірлерді қиратпай аман алып қалады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.Қостанай облысының Қостанай ауданында тұратын 10-сынып оқушысы Виктор Рыжков өзінің ұстазы Виталий Базаркиннің жетекшілігімен жаңа жоба жасады. Ол – су деңгейі күрт көтерілгенде көпірдің бұзылуына жол бермейтін "Smart Bridge" инновациялық жүйесі.Виктор жобаны былтырғы көктемгі су тасқынынан кейін ойлап тапқан. Автоматтандырылған жүйе су қауіпті деңгейге көтерілгенде белгі береді: датчиктер қауіпті тіркейді, ал бағдарлама енгізілген Arduino микроконтроллері көпірді көтеру механизмін іске қосады. Оны тіпті күшті ағынның бұзып кетуінен қорғайды.Идеямен танысқан сарапшылардың пікірінше, бұл жүйені тәжірибеде қолданса нәтиже жоғары болмақ.Болашақта Виктор көпірді көтеру функциясын және шұғыл қызметтерге автоматты түрде хабарлама жіберетін радио интеграция қосып, модельді жетілдіруді жоспарлап отыр. Бұл олардың өзгерістерге жедел жауап беруіне мүмкіндік береді.Жоба қазірдің өзінде "өнеркәсіп саласындағы техникалық құрылыс" номинациясы бойынша "Ұлы өнертабысқа алғашқы қадам" республикалық инновациялық идеялар байқауында бірінші орын алды.
қостанай облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/02/13/50994640_65:0:1134:802_1920x0_80_0_0_22739918b50b5897c88fe13869c0774b.jpg.webpSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
өнертапқыш, қостанай облысы
өнертапқыш, қостанай облысы
АСТАНА,19 ақпан – Sputnik. "Smart Bridge" инновациялық жобасы көктемгі қызыл судан көпірлерді қиратпай аман алып қалады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қостанай облысының Қостанай ауданында тұратын 10-сынып оқушысы Виктор Рыжков өзінің ұстазы Виталий Базаркиннің жетекшілігімен жаңа жоба жасады. Ол – су деңгейі күрт көтерілгенде көпірдің бұзылуына жол бермейтін "Smart Bridge" инновациялық жүйесі.
Виктор жобаны былтырғы көктемгі су тасқынынан кейін ойлап тапқан. Автоматтандырылған жүйе су қауіпті деңгейге көтерілгенде белгі береді: датчиктер қауіпті тіркейді, ал бағдарлама енгізілген Arduino микроконтроллері көпірді көтеру механизмін іске қосады. Оны тіпті күшті ағынның бұзып кетуінен қорғайды.
"Менің мақсатым – адамдар мен инфрақұрылымның су тасқынына дайын болуына көмектесетін жүйені құру. Жұмыс барысында біз көтеру механизмін таңдауда қиындықтарға тап болдық, бірақ идеямызды сәтті жүзеге асырдық", - дейді Виктор Рыжков.
Идеямен танысқан сарапшылардың пікірінше, бұл жүйені тәжірибеде қолданса нәтиже жоғары болмақ.
Болашақта Виктор көпірді көтеру функциясын және шұғыл қызметтерге автоматты түрде хабарлама жіберетін радио интеграция қосып, модельді жетілдіруді жоспарлап отыр. Бұл олардың өзгерістерге жедел жауап беруіне мүмкіндік береді.
Жоба қазірдің өзінде "өнеркәсіп саласындағы техникалық құрылыс" номинациясы бойынша "Ұлы өнертабысқа алғашқы қадам" республикалық инновациялық идеялар байқауында бірінші орын алды.