https://sputnik.kz/20250219/qazatomonerkasip-iordaniya-aumagyndagy-urannyn-geologiyalyq-qoryn-bagalaydy-51002039.html
Қазатомөнеркәсіп Иордания аумағындағы уранның геологиялық қорын бағалайды
Қазатомөнеркәсіп Иордания аумағындағы уранның геологиялық қорын бағалайды
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 19 ақпан – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Иорданияға ресми сапары барысында "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық атом компаниясы" АҚ және Jordan Uranium... 19.02.2025, Sputnik Қазақстан
2025-02-19T19:44+0500
2025-02-19T19:44+0500
2025-02-19T19:44+0500
меморандум
https://sputnik.kz/img/07e9/02/13/50999295_0:86:1420:885_1920x0_80_0_0_a74587650b20ae2e7304359e80a2cad8.jpg
АЛМАТЫ, 19 ақпан – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Иорданияға ресми сапары барысында "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық атом компаниясы" АҚ және Jordan Uranium Mining Company (JUMCO) мемлекеттік уран өндіруші компаниясы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды "Казатомпром" ұлттық атом компаниясы.Құжатта Иордания аумағында уранды барлау және өндіру жөніндегі жобаларды бірлесіп зерделеу көзделген. Нәтижесінде тараптар кен орнын әрі қарай дамытуға бола ма, жоқ па қарастыратын болады.Бұл орайда кен орындарының геологиялық сипаттамаларын нақтылап, үймелі шаймалау технологияларын қолдану арқылы қорларды бағалау жоспарлануда. Жобаның экологиялық тұрақтылығы мен экономикалық тиімділігі мәселелеріне ерекше назар аударылады, бұл оны одан әрі іске асыру туралы салмақты шешім қабылдауға мүмкіндік береді."Бұл меморандум Иорданияда бірлескен уран өндіру жобаларын дамытуға бағытталған және JUMCO-ға Қазатомөнеркәсіппен ынтымақтастықта уранның коммерциялық өндірісіне шығуды жеделдетуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар ол уран өндіру бойынша әлемдік көшбасшы – Қазатомөнеркәсіппен білім алмасу, тәжірибе үйрену және маркетингтік стратегияларды бірлесіп пайдалануға мүмкіндік береді", - деді JUMCO бас директоры Мұхаммед әл-Шаннаг.Бірлескен жобаның арқасында жаңа жұмыс орындары ашылып, инфрақұрылым дамиды. Сондай-ақ жергілікті мердігерлерді тартып, Иордания үшін атом өнеркәсібін дамыту перспективаларын ашады. Уран өндіру бойынша әлемдік көшбасшы ретінде Қазақстан жаңа әлеуетті нарыққа шығып, жаһандық ауқымды кеңейтуде. Бұл стратегиялық ұстанымдарды және Иорданиямен екіжақты экономикалық байланыстарды нығайтуда маңызды қадам.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/02/13/50999295_64:0:1357:970_1920x0_80_0_0_39b6ef3f71e8255663341956dc995152.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
меморандум
АЛМАТЫ, 19 ақпан – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Иорданияға ресми сапары барысында "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық атом компаниясы" АҚ және Jordan Uranium Mining Company (JUMCO) мемлекеттік уран өндіруші компаниясы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды "Казатомпром" ұлттық атом компаниясы.
"JUMCO - ресурстық базаны ұлғайту және тиімді пайдалану жөніндегі стратегиялық мақсаттарымызға сәйкес Қазақстанның әлемдік уран саласындағы ұстанымын нығайтады. Бұдан бөлек, Қазақстаннан тыс жердегі жобаларды әлеуетті зерделеу – бұл әлемдік тәжірибені үйрену және екі елдің тұрақты дамуына үлес қосудың бірегей мүмкіндігі", - деп атап өтті Қазатомөнеркәсіптің басқарма төрағасы Мейіржан Юсупов.
Құжатта Иордания аумағында уранды барлау және өндіру жөніндегі жобаларды бірлесіп зерделеу көзделген. Нәтижесінде тараптар кен орнын әрі қарай дамытуға бола ма, жоқ па қарастыратын болады.
Бұл орайда кен орындарының геологиялық сипаттамаларын нақтылап, үймелі шаймалау технологияларын қолдану арқылы қорларды бағалау жоспарлануда. Жобаның экологиялық тұрақтылығы мен экономикалық тиімділігі мәселелеріне ерекше назар аударылады, бұл оны одан әрі іске асыру туралы салмақты шешім қабылдауға мүмкіндік береді.
"Бұл меморандум Иорданияда бірлескен уран өндіру жобаларын дамытуға бағытталған және JUMCO-ға Қазатомөнеркәсіппен ынтымақтастықта уранның коммерциялық өндірісіне шығуды жеделдетуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар ол уран өндіру бойынша әлемдік көшбасшы – Қазатомөнеркәсіппен білім алмасу, тәжірибе үйрену және маркетингтік стратегияларды бірлесіп пайдалануға мүмкіндік береді", - деді JUMCO бас директоры Мұхаммед әл-Шаннаг.
Бірлескен жобаның арқасында жаңа жұмыс орындары ашылып, инфрақұрылым дамиды. Сондай-ақ жергілікті мердігерлерді тартып, Иордания үшін атом өнеркәсібін дамыту перспективаларын ашады. Уран өндіру бойынша әлемдік көшбасшы ретінде Қазақстан жаңа әлеуетті нарыққа шығып, жаһандық ауқымды кеңейтуде. Бұл стратегиялық ұстанымдарды және Иорданиямен екіжақты экономикалық байланыстарды нығайтуда маңызды қадам.