Еліміздің әуе нарығына шетелдік төрт лоукостер әкелінеді – көлік вице-министрі

© Photo : Пресс-служба министерства туризма и спорта Казахстана Лайнер авиакомпании Air Asia Х
Лайнер авиакомпании Air Asia Х  - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.02.2025
Жазылу
АСТАНА, 19 ақпан – Sputnik. Қазақстанның әуе саласына шетелдік төрт лоукостер әкелінуі мүмкін. Бұл туралы үкімет отырысында көлік вице-министрі Талғат Ластаев айтты.
Лоукостер жайлы вице-министр азаматтық авиацияны дамыту жөніндегі жоспарлары жазылған баяндамасында айтты.
Қазіргі күні 31 ел және 58 қаламен әуе қатынасы орнатылды, 119 бағыт бойынша әуе рейстері ұшып жатыр.
"Өткен жылы 22 халықаралық бағытта 6 жаңа қалаға 12 рейс ашылды, оның ішінде Мумбай (Үндістан), Джедда (Сауд Арабиясы), Прага (Чехия) және басқа да ірі орталықтар, сондай-ақ 10 бағыттағы рейстер жаңартылды. Биыл Рим, Мюнхен, Будапешт, Шанхай, Гуанчжоу, Пусан және басқа қалаларды қамтитын 16 жаңа бағыт ашылады деп жоспарланған", - деді Талғат Ластаев.
Жолаушылар үшін бюджеттік маршруттарды кеңейту мақсатында Қазақстанның халықаралық әуе нарығына төрт жаңа шетелдік лоукостер әкелінеді. Ол елдер – SpiceJet (Үндістан), Eastar Jet және T'way Air (Оңтүстік Корея), ThayAirAsia (Таиланд).
Ластаевтың айтуынша, өткен жылы "ашық аспан" режимі Қызылорда, Қостанай, Атырау әуежайларында енгізіліп, бүгінде барлық халықаралық әуежайларда жұмыс істейді. Өткен жылы Алматыдан Мумбай, Пекин, Куала-Лумпур, Иркутск және Эль-Алайманға жаңа әуе маршруттары ашылды, Ақтөбеден Шарм-эль-Шейхке рейс іске қосылды.
Жаңалықтар
0