Астана әкімдігі автотұрақ операторымен келісімшартты бұзуға міндеттелді

© Sputnik / Виталий Белоусов / Медиабанкке өтуЗнак платной парковки
Знак платной парковки - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.02.2025
Жазылу
АСТАНА, 19 ақпан – Sputnik. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Астана әкімдігінің көлік басқармасына "Парковочное пространство Астаны" компаниясымен шартты бұзу туралы ұйғарым шығарды.
Жеке серіктесті таңдау заңдылығын тексеру мақсатында 2023 жылы тергеу жүргізілген. Нәтижесінде Астана қаласының көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы жеке серіктес – "Парковочное пространство Астаны" ЖШС-не заңсыз артықшылықтар бергені анықталды.
"Серіктестікпен Астана қаласының әкімдігі 2018 жылы "Астана қаласының ақылы тұрақ кеңістігін құру, пайдалану және басқару" жобасын іске асыру үшін мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасқан. Басқарма конкурс кезінде басқа әлеуетті қатысушыларды шектеген. Сонымен қатар серіктеспен мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартына елорда мәслихаты бекіткенге дейін қол қойылған. Бұл мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы заңнаманың нормаларына қайшы", - делінген хабарламада.
Алайда бұл тергеудің нәтижелеріне сотқа шағым жасалған. Бірқатар сот процесінен кейін іс Жоғарғы сотқа жіберілді. Жоғарғы соттың әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы монополияға қарсы тергеу нәтижелерінің заңды екенін мойындады.
"Осыған байланысты монополияға қарсы орган басқармаға "Парковочное пространство Астаны" ЖШС-мен мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын бұзу жөнінде шаралар қабылдау туралы ұйғарым шығарды", - делінген хабарламада.
Астанада ақылы тұрақ 2023 жылдың күзінен бастап дамыды. Алайда баға белгілеу және айыппұл алу заңсыздығы астаналықтардың наразылығын тудырды.
Жаңалықтар
0