https://sputnik.kz/20250219/almaty-turgyny-qalam-satqany-ushin-eki-zhylga-sottaluy-mumkin-51003249.html
Алматы тұрғыны "қалам" сатқаны үшін екі жылға сотталуы мүмкін
Алматы тұрғыны "қалам" сатқаны үшін екі жылға сотталуы мүмкін
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 19 ақпан– Sputnik. Алматыда қалам үлгісінде жасалған тыңшылық құрылғысын сатқан ер адам ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Polisia.kz порталына сілтеме... 19.02.2025, Sputnik Қазақстан
2025-02-19T22:14+0500
2025-02-19T22:14+0500
2025-02-19T22:14+0500
алматы
https://sputnik.kz/img/07e9/02/13/51003322_0:113:1200:788_1920x0_80_0_0_5e85371708da307c202aa77dcc845765.jpg
АСТАНА, 19 ақпан– Sputnik. Алматыда қалам үлгісінде жасалған тыңшылық құрылғысын сатқан ер адам ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Polisia.kz порталына сілтеме жасап.42 жастағы қала тұрғынынан тәркіленген қаламның көмегімен жасырын аудиожазбалар жасауға болады. Ол бір тыңшылық құрылғыны сатып үлгерген. Ал екіншісін сатуды жоспарлап жүріпті.Жетісу аудандық полиция басқармасы ақпаратты жасырын алу үшін арнайы техникалық құралдарды заңсыз өндіру, дайындау, алу, өткізу немесе пайдалану дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.Айта кетері, Қылмыстық кодекстің 399-бабы бойынша ақпаратты жасырын алудың арнайы техникалық құралдарын заңсыз өткізгені үшін 2 000 АЕК-ке (7 864 000 теңге) дейiнгi айыппұл не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына немесе 600 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту, я болмаса, екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/02/13/51003322_0:0:1200:900_1920x0_80_0_0_9af0562b10ea8ffd7e9c5781c179ee35.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы
Алматы тұрғыны "қалам" сатқаны үшін екі жылға сотталуы мүмкін
АСТАНА, 19 ақпан– Sputnik. Алматыда қалам үлгісінде жасалған тыңшылық құрылғысын сатқан ер адам ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Polisia.kz
порталына сілтеме жасап.
42 жастағы қала тұрғынынан тәркіленген қаламның көмегімен жасырын аудиожазбалар жасауға болады. Ол бір тыңшылық құрылғыны сатып үлгерген. Ал екіншісін сатуды жоспарлап жүріпті.
Жетісу аудандық полиция басқармасы ақпаратты жасырын алу үшін арнайы техникалық құралдарды заңсыз өндіру, дайындау, алу, өткізу немесе пайдалану дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Айта кетері, Қылмыстық кодекстің 399-бабы бойынша ақпаратты жасырын алудың арнайы техникалық құралдарын заңсыз өткізгені үшін 2 000 АЕК-ке (7 864 000 теңге) дейiнгi айыппұл не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына немесе 600 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту, я болмаса, екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.