https://sputnik.kz/20250218/su-tasqynyn-bolzhauga-arnalgan-tasqyn--zhuyesi-qoldanysqa-engizildi-50946172.html
Су тасқынын болжауға арналған Tasqyn жүйесі қолданысқа енгізілді
Су тасқынын болжауға арналған Tasqyn жүйесі қолданысқа енгізілді
Sputnik Қазақстан
Аталған жүйе әзірше өндірістік қолданысқа енгізілді 18.02.2025, Sputnik Қазақстан
2025-02-18T09:36+0500
2025-02-18T09:36+0500
2025-02-18T09:47+0500
су тасқыны
министрлік
https://sputnik.kz/img/07e9/02/12/50944137_0:50:960:590_1920x0_80_0_0_6cb85759848ab971c698db63c9515b0d.jpg
АСТАНА, 18 ақпан — Sputnik. Елімізде Tasqyn су тасқынын болжау және модельдеу жүйесі өндірістік қолданысқа берілді.Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов су тасқыны кезеңіне дайындық мәселелері бойынша өткізген аппарат кеңесінде белгілі болды.Бүгінгі таңда өзендердің 128 учаскесіндегі 142 су бекеті бойынша су тасқынын модельдеу жүргізіледі. "Қазсушар" филиалдары мен бассейндік инспекциялардың 114 маманы су бекеттері бойынша деректерге күнделікті талдау жасайды және оны жүйеге енгізеді.Tasqyn жүйесі жаһандық GloFAS су тасқыны жөнінде ескерту жүйесіне біріктірілген. Tasqyn 2025 жылдың су тасқыны кезеңіне соңғы болжамды наурыз айының басында береді.
https://sputnik.kz/20250127/su-tasqyny-ministrlik-onirlerdegi-dayyndyq-turaly-malimet-berdi-50335955.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/02/12/50944137_54:0:907:640_1920x0_80_0_0_44f3a1d6f42a82a35a1716a8c670d57a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
су тасқыны, министрлік
Су тасқынын болжауға арналған Tasqyn жүйесі қолданысқа енгізілді
09:36 18.02.2025 (жаңартылды: 09:47 18.02.2025) Аталған жүйе әзірше өндірістік қолданысқа енгізілді
АСТАНА, 18 ақпан — Sputnik. Елімізде Tasqyn су тасқынын болжау және модельдеу жүйесі өндірістік қолданысқа берілді.
Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов су тасқыны кезеңіне дайындық мәселелері бойынша өткізген
аппарат кеңесінде белгілі болды.
Бүгінгі таңда өзендердің 128 учаскесіндегі 142 су бекеті бойынша су тасқынын модельдеу жүргізіледі. "Қазсушар" филиалдары мен бассейндік инспекциялардың 114 маманы су бекеттері бойынша деректерге күнделікті талдау жасайды және оны жүйеге енгізеді.
Tasqyn жүйесі жаһандық GloFAS су тасқыны жөнінде ескерту жүйесіне біріктірілген. Tasqyn 2025 жылдың су тасқыны кезеңіне соңғы болжамды наурыз айының басында береді.
"Су тасқынына ел ішіндегі дайындықтан бөлек, біз көрші мемлекеттердегі әріптестерімізбен де тұрақты байланыстамыз. Ақпарат алмасу жедел жүреді. Көктемгі су тасқынын қабылдауға қоймаларда бос орын дайындау үшін су тастау жұмысы жалғасып жатыр. Бүгінгі таңда еліміздің су қоймалары 13 млрд текше метр су қабылдай алады", - деді су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.