https://sputnik.kz/20250218/kenshiler-qaza-tapqan-shakhtaga-ukimet-komissiyasy-bardy-50964406.html
Кеншілер қаза тапқан шахтаға үкімет комиссиясы барды
Кеншілер қаза тапқан шахтаға үкімет комиссиясы барды
Sputnik Қазақстан
Қаза тапқандардың отбасыларына бірінші кезекте көмек көрсету жөнінде тапсырма берілді 18.02.2025, Sputnik Қазақстан
2025-02-18T15:22+0500
2025-02-18T15:22+0500
2025-02-18T15:22+0500
шахта
https://sputnik.kz/img/07e9/02/12/50962174_0:63:1280:783_1920x0_80_0_0_ecb5f595ea938bfd449b3944d75a2597.jpg
АСТАНА, 18 ақпан – Sputnik. Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев бастаған үкімет комиссиясы Ұлытау облысындағы апат болған кенішке барды, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.Комиссия құрамында Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков, ТЖ министрі Шыңғыс Әрінов, ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Бауыржан Әленов, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмәди Сарбасов, денсаулық сақтау вице-министрі Ержан Нұрлыбаев, өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Иран Шархан, ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының міндетін атқарушы Рашид Дубаев бар.Оқиға орнында ТЖ қызметі, ІІМ және Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің шұғыл тергеу тобы, сондай-ақ Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.Комиссия мүшелері оқиға орнында болып, тергеу барысымен танысты. Қаза тапқандардың отбасыларына бірінші кезекте көмек көрсету жөнінде тапсырма берілді.Әрі қарай премьер-министрдің орынбасары Штаб отырысын өткізіп, қаза тапқандардың туыстарымен кездеседі.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/02/12/50962174_118:0:1162:783_1920x0_80_0_0_4e599c4d153baa638912f1c7b1d3f13f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
шахта
Кеншілер қаза тапқан шахтаға үкімет комиссиясы барды
Қаза тапқандардың отбасыларына бірінші кезекте көмек көрсету жөнінде тапсырма берілді
АСТАНА, 18 ақпан – Sputnik. Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев бастаған үкімет комиссиясы Ұлытау облысындағы апат болған кенішке барды, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.
Комиссия құрамында Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков, ТЖ министрі Шыңғыс Әрінов, ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Бауыржан Әленов, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмәди Сарбасов, денсаулық сақтау вице-министрі Ержан Нұрлыбаев, өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Иран Шархан, ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының міндетін атқарушы Рашид Дубаев бар.
Оқиға орнында ТЖ қызметі, ІІМ және Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің шұғыл тергеу тобы, сондай-ақ Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.
Комиссия мүшелері оқиға орнында болып, тергеу барысымен танысты. Қаза тапқандардың отбасыларына бірінші кезекте көмек көрсету жөнінде тапсырма берілді.
Әрі қарай премьер-министрдің орынбасары Штаб отырысын өткізіп, қаза тапқандардың туыстарымен кездеседі.