https://sputnik.kz/20250218/east-hope-group-qazaqstanda-12-mlrd-dollardyn-metallurgiyalyq-zhobasyn-iske-qosady-50969620.html
East Hope Group Қазақстанда 12 млрд доллардың металлургиялық жобасын іске қосады
East Hope Group Қазақстанда 12 млрд доллардың металлургиялық жобасын іске қосады
Sputnik Қазақстан
Жоба жүзеге асса, 10 000-нан астам жұмыс орны ашылады 18.02.2025, Sputnik Қазақстан
2025-02-18T17:39+0500
2025-02-18T17:39+0500
2025-02-18T17:39+0500
қытай
https://sputnik.kz/img/07e8/08/0e/46304266_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_7e260157236d2d077ecef8b15734b15e.jpg
АЛМАТЫ, 18 ақпан – Sputnik. Қазақстанда түсті металдарды өндіру және терең өңдеу бойынша қытайлық East Hope Group инвестициялық жобасын іске асыру туралы негіздемелік келісімге қол қойылды, деп хабарлады "Kazakh Invest" ҰК баспасөз қызметі.Қол қою рәсіміне Қазақстанның сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров, өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбеков және East Hope Group бас директоры Чанцзюнь Мэн қатысты.Инвестициялардың жалпы көлемі 12 млрд долларға бағаланды. Жоба жүзеге асса, 10 000-нан астам жұмыс орны ашылады. Сондай-ақ электр қуатын, оның ішінде 3 ГВт жел станциясын салу көзделіп отыр. Бұдан басқа, тараптар ынтымақтастықтың нақты шарттарын, мемлекеттік қолдау шараларын және тараптардың міндеттемелерін қамтитын инвестициялар туралы келісімді егжей-тегжейлі пысықтауға уағдаласты.
қытай
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/08/0e/46304266_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_f220b2286d16a770fd83f50b8b65adb5.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қытай
East Hope Group Қазақстанда 12 млрд доллардың металлургиялық жобасын іске қосады
Жоба жүзеге асса, 10 000-нан астам жұмыс орны ашылады
АЛМАТЫ, 18 ақпан – Sputnik. Қазақстанда түсті металдарды өндіру және терең өңдеу бойынша қытайлық East Hope Group инвестициялық жобасын іске асыру туралы негіздемелік келісімге қол қойылды, деп хабарлады "Kazakh Invest" ҰК баспасөз қызметі.
Қол қою рәсіміне Қазақстанның сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров, өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбеков және East Hope Group бас директоры Чанцзюнь Мэн қатысты.
"Жоба аясында еліміздің екі өңірінде жаңа өндірістік қуат құрылады. Бұл металлургия саласында озық технологияларды енгізуге және Еуропа Одағы, Орталық Азия және Қытайды қоса алғанда, халықаралық нарыққа дайын өнімнің экспортын кеңейтуге мүмкіндік береді", - делінген хабарламада.
Инвестициялардың жалпы көлемі 12 млрд долларға бағаланды. Жоба жүзеге асса, 10 000-нан астам жұмыс орны ашылады. Сондай-ақ электр қуатын, оның ішінде 3 ГВт жел станциясын салу көзделіп отыр. Бұдан басқа, тараптар ынтымақтастықтың нақты шарттарын, мемлекеттік қолдау шараларын және тараптардың міндеттемелерін қамтитын инвестициялар туралы келісімді егжей-тегжейлі пысықтауға уағдаласты.