ЕАЭО мен БАӘ еркін сауда аймағы туралы келісімге 2025 жылдың ортасында қол қояды

© Sputnik/Ертай СарбасовФлаги ЕАЭС
Флаги ЕАЭС - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.02.2025
Жазылу
Құжат ЕАЭО-ның барлық елімен келісілді
АСТАНА, 18 ақпан — Sputnik. Біріккен Араб Әмірліктерімен еркін сауда аймағы туралы келісім ЕАЭО-ға мүше барлық елмен келісілді, оған жыл ортасында қол қойылады, деп хабарлады РФ премьер-министрінің бірінші орынбасары Денис Мантуров.
"Келісім ЕАЭО-ға мүше барлық елмен толық келісілді. Қазіргі уақытта ішкі мемлекеттік процедуралар жүріп жатыр, оған жыл ортасында қол қоюға болады", - деді Мантуров БАӘ-мен еркін сауда аймағы туралы келісімге қол қою рәсімі қашанға жоспарланып отыр деген сұраққа жауап беріп.
2024 жылдың желтоқсанында Ресей Экономикалық даму министрлігінің басшысы Максим Решетников министрлік 2025 жылы ЕАЭО мен БАӘ және Индонезия арасындағы еркін сауда аймағы туралы келісімдерге қол қоюды жоспарлап отырғанын хабарлады.
БАӘ-мен еркін сауда келісімі бойынша келіссөздерді бастау туралы шешімді Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес 2022 жылдың желтоқсанында қабылдады. Келіссөздердің төрт раунды 2023 және 2024 жылдары өтті.
Жаңалықтар
0