Астанада 20 жастағы дроппер ұсталды

© Sputnik / Табылды Кадырбеков / Медиабанкке өтуНаручники
Наручники  - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.02.2025
Жазылу
АСТАНА, 18 ақпан – Sputnik. Астанада полицейлер дроппердің қылмыстық схемасын әшкереледі, деп хабарлады Polisia.kz.
Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері 20 жастағы дропперді ұстады. Ол қылмыстық топқа шоттарға қол жеткізу үшін деректер мен банк карталарының реквизиттерін берген.
"Бұл алаяқтық схемаға қала тұрғыны тап болған. Жәбірленушіге белгісіз нөмірлерден қоңырау шалып, өзін банк қызметкері ретінде таныстырған алаяқтар оның шотына кибершабуыл жасалғанын айтып, оны болдырмау үшін қаражатты қауіпсіз шоттарға аудару керектігін хабарлаған. Жәбірленуші сеніп, алаяқтар көрсеткен шотқа 1 млн теңге көлемінде ақша аударған", - дейді ведомство.
Алайда ақша аударылғаннан кейін, күдіктілер байланысқа шықпай қойған. Қылмыстық істі тергеу барысында елорда киберполиция қызметкерлері алаяқ көрсеткен шоттардың бірінің иесін және оның орналасқан жерін анықтады. Қазіргі уақытта күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Дроппер – алаяқтар қылмыстық жолмен басқалардың шотынан ұрлаған ақшаларын шығаруға немесе қолма-қол ақшғаа айналдыру үшін пайдаланатын адам.
Жаңалықтар
0