https://sputnik.kz/20250218/aqtauda-tazalyq-qyzmetkerleri-enbekaqysyn-ala-almay-zhur-50973509.html
Ақтауда тазалық қызметкерлері еңбекақысын ала алмай жүр
Ақтауда тазалық қызметкерлері еңбекақысын ала алмай жүр
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 18 ақпан – Sputnik. Ақтауда тазалық компаниясында еңбек еткен 40-қа жуық тазалық қызметкерлері еңбекақысын ала алмай жүр, деп хабарлады Almaty.tv. 18.02.2025, Sputnik Қазақстан
2025-02-18T21:00+0500
2025-02-18T21:00+0500
2025-02-18T21:00+0500
ақтау
https://sputnik.kz/img/947/42/9474211_38:0:1000:541_1920x0_80_0_0_eb58dabc4da71f63501679a75acecbd0.jpg
АЛМАТЫ, 18 ақпан – Sputnik. Ақтауда тазалық компаниясында еңбек еткен 40-қа жуық тазалық қызметкерлері еңбекақысын ала алмай жүр, деп хабарлады Almaty.tv.Еңбекақысын ала алмай жүргендердің айтуынша Шымкент қаласының тұрғыны Ақтауға келіп, сауда орындары мен жеке үйлерге тазалық қызметін көрсететін компания ашқан. Бірақ жеке кәсібін басқа адамның атына тіркепті. Енді әркімнің үйін тазалап, еңбек еткендер ақшасын кімнен дауларын білмей жүр. Оларға тазалық компаниясы шамамен 20 млн теңгедей қарыз көрінеді. Еден жуушылардан бөлек, аталған ұйымның құрылтайшысымен серіктес болғандар да алданып қалған.Алданғандар тіпті нотариус арқылы келісімшарт жасасқан."Бизнес жоспары керемет, табыс түсіп тұр. "ЖК ретінде жұмыс жасайық" деп нотариуске барып, келісімшарт жасадық. Бірақ ол қол қоймаған, оны байқамай қалыппыз. Мен 4 млн теңге бердім, 2 миллион теңге қарыз. ЖК салық төлемдерін төлемеді", – деді қала тұрғыны Ринат Шинязов.Тазалық қызметкерлері мен серіктес болып алданып қалғандар жиналып прокуратураға арыз түсірді. Қадағалаушы орган өкілдері шағымды Еңбек инспекциясына жолдайтынын мәлімдеді. Бірақ еңбек дауын шешетін инспекторлар жұмыс беруші мен қызметкерлердің арасында келісімшарт жоқ екенін айтып отыр. Сондықтан шағымданушыларға сотқа жүгінуден басқа амал жоқ."Кәсіпкерлік кодексінің талаптарына сәйкес, кез келген арызға жұмыс беруші мен жұмыскердің арасындағы нақты еңбек қатынастарын растайтын құжаттар жалғануы тиіс. Яғни ондай құжаттар болмаған жағдайда тиісті тексеру жұмыстарын жүргізе алмаймыз",- деді Маңғыстау облысы еңбек инспекциясы департаменті басшысының орынбасары Мұхтар Эдуардаұлы.Жәбірленушілер адал ақысын төлесе, арызын кері алатынын айтты. Ал егер мәселе дәл осылай жалғаса берсе, соңына дейін баруға бекініп отыр.
ақтау
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/947/42/9474211_279:0:1000:541_1920x0_80_0_0_9eae630ab3940dd5205e50ab42c83bb7.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ақтау
АЛМАТЫ, 18 ақпан – Sputnik. Ақтауда тазалық компаниясында еңбек еткен 40-қа жуық тазалық қызметкерлері еңбекақысын ала алмай жүр, деп хабарлады
Almaty.tv.
Еңбекақысын ала алмай жүргендердің айтуынша Шымкент қаласының тұрғыны Ақтауға келіп, сауда орындары мен жеке үйлерге тазалық қызметін көрсететін компания ашқан. Бірақ жеке кәсібін басқа адамның атына тіркепті. Енді әркімнің үйін тазалап, еңбек еткендер ақшасын кімнен дауларын білмей жүр. Оларға тазалық компаниясы шамамен 20 млн теңгедей қарыз көрінеді. Еден жуушылардан бөлек, аталған ұйымның құрылтайшысымен серіктес болғандар да алданып қалған.
"Бір жыл бұрын Аягөз деген адамға 5 млн ақша бердік. Оның жартысын алдық, қалғаны әлі жоқ. Менен басқа серіктес болған жандар ақшасын ала алмай отыр",- деді қала тұрғыны Балжан Серікова.
Алданғандар тіпті нотариус арқылы келісімшарт жасасқан.
"Бизнес жоспары керемет, табыс түсіп тұр. "ЖК ретінде жұмыс жасайық" деп нотариуске барып, келісімшарт жасадық. Бірақ ол қол қоймаған, оны байқамай қалыппыз. Мен 4 млн теңге бердім, 2 миллион теңге қарыз. ЖК салық төлемдерін төлемеді", – деді қала тұрғыны Ринат Шинязов.
Тазалық қызметкерлері мен серіктес болып алданып қалғандар жиналып прокуратураға арыз түсірді. Қадағалаушы орган өкілдері шағымды Еңбек инспекциясына жолдайтынын мәлімдеді. Бірақ еңбек дауын шешетін инспекторлар жұмыс беруші мен қызметкерлердің арасында келісімшарт жоқ екенін айтып отыр. Сондықтан шағымданушыларға сотқа жүгінуден басқа амал жоқ.
"Кәсіпкерлік кодексінің талаптарына сәйкес, кез келген арызға жұмыс беруші мен жұмыскердің арасындағы нақты еңбек қатынастарын растайтын құжаттар жалғануы тиіс. Яғни ондай құжаттар болмаған жағдайда тиісті тексеру жұмыстарын жүргізе алмаймыз",- деді Маңғыстау облысы еңбек инспекциясы департаменті басшысының орынбасары Мұхтар Эдуардаұлы.
Жәбірленушілер адал ақысын төлесе, арызын кері алатынын айтты. Ал егер мәселе дәл осылай жалғаса берсе, соңына дейін баруға бекініп отыр.