Абақтыдағы туған күннен кейін 16 басшы мен қызметкер қатаң жазаланды

© Sputnik / Владимир Песня / Медиабанкке өтуТюрьма, иллюстративное фото
Тюрьма, иллюстративное фото  - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.02.2025
Жазылу
АСТАНА, 18 ақпан – Sputnik. Шерзат Полаттың өлімі бойынша күдіктілер абақтыда туған күн тойлағаны туралы видео тарағаннан кейін кінәлілер жұмыстан қуылып, бақылау күшейтілді, деп хабарлады Polisia.kz.
Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы уақытша ұстау изоляторындағы жағдай бойынша тексеру жүргізілді.
"Видеоны УҰИ-дің бұрынғы қызметкері түсіргені анықталды. Ол жеке ұялы телефонын пайдаланған. Қызметтік тәртіпті өрескел бұзғаны үшін ол арнайы шенінен айырылып, теріс себептермен жұмыстан қуылды", - деп жазылған хабарламада.
Сонымен қатар аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Полицияның мәліметінше қызметтік тәртіпті өрескел бұзғаны және тиісінше бақылау жүргізбегені үшін 16 басшы мен қызметкер лауазымнан босатуға дейінгі қатаң тәртіптік жазаға тартылды. Оның ішінде УҰИ басшысы да лауазымнан босатылды.
Осы жағдайдан кейін УҰИ-де режимді бақылау күшейтілді: қосымша бейнемониторинг шаралары енгізіліп, ұқсас мекемелерде жоспардан тыс тексерулер басталды.
Жаңалықтар
0