https://sputnik.kz/20250217/zhyl-basynan-beri-kopbalaly-otbasylarga-49-mlrd-tengeden-astam-somaga-zhardemaqy-berildi-50917084.html
Жыл басынан бері көпбалалы отбасыларға 49 млрд теңгеден астам сомаға жәрдемақы берілді
Жыл басынан бері көпбалалы отбасыларға 49 млрд теңгеден астам сомаға жәрдемақы берілді
Sputnik Қазақстан
Наградталған анаға берілетін жәрдемақы ай сайын келесі мөлшерде төленеді 17.02.2025, Sputnik Қазақстан
2025-02-17T11:58+0500
2025-02-17T11:58+0500
2025-02-17T11:58+0500
еңбек
төлем
https://sputnik.kz/img/07e8/0a/0a/47720250_0:0:1200:675_1920x0_80_0_0_27ada75fa95f2cd016eebe4f3b3acdb9.jpg
АСТАНА, 17 ақпан — Sputnik. 2025 жылғы қаңтар айында көпбалалы отбасыларға және наградталған аналарға берілетін мемлекеттік жәрдемақымен 846 мың отбасы жалпы сомасы 49,5 млрд теңге мөлшерінде қамтылды, деп хабарлады еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.Оның ішінде көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы 604,7 мың отбасыға 43 млрд теңге мөлшерінде және наградталған анаға берілетін жәрдемақы 241,8 мың адамға 6,5 млрд теңге мөлшерінде төленді.Төлем мөлшері бала санына қарай есептеліп төленеді және 2025 жылы мынандай мөлшерде төленді:Наградталған анаға берілетін жәрдемақы "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, І және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған аналарға тағайындалады.Наградталған анаға берілетін жәрдемақы ай сайын келесі мөлшерде төленеді:"Күміс алқа" алқасымен наградталған аналарға – 6,40 АЕК немесе 25 165 теңге;"Алтын алқа" алқасымен наградталған немесе бұрын "Батыр Ана" атағын алған, І және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған аналарға – 7,40 АЕК немесе 29 097 теңге.2025 жылғы 1 қаңтардан бастап балалы отбасыларға тағайындалатын мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері 6,5%-ға артқанын атап өтеміз.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/0a/0a/47720250_176:0:1076:675_1920x0_80_0_0_24cd55ba7bdec120777bf0198d16695f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
еңбек, төлем
Жыл басынан бері көпбалалы отбасыларға 49 млрд теңгеден астам сомаға жәрдемақы берілді
Наградталған анаға берілетін жәрдемақы ай сайын келесі мөлшерде төленеді
АСТАНА, 17 ақпан — Sputnik. 2025 жылғы қаңтар айында көпбалалы отбасыларға және наградталған аналарға берілетін мемлекеттік жәрдемақымен 846 мың отбасы жалпы сомасы 49,5 млрд теңге мөлшерінде қамтылды, деп хабарлады
еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Оның ішінде көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы 604,7 мың отбасыға 43 млрд теңге мөлшерінде және наградталған анаға берілетін жәрдемақы 241,8 мың адамға 6,5 млрд теңге мөлшерінде төленді.
Төлем мөлшері бала санына қарай есептеліп төленеді және 2025 жылы мынандай мөлшерде төленді:
4 баласы бар отбасыларға – 16,03 АЕК немесе 63 030 теңге;
5 балаға – 20,04 АЕК немесе 78 798 теңге;
6 балаға – 24,05 АЕК немесе 94 565 теңге;
7 балаға – 28,06 АЕК немесе 110 332 теңге;
8 және одан да көп баласы бар отбасыларға – әр балаға 4 АЕК немесе 15 728 теңге.
Наградталған анаға берілетін жәрдемақы "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, І және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған аналарға тағайындалады.
Наградталған анаға берілетін жәрдемақы ай сайын келесі мөлшерде төленеді:
"Күміс алқа" алқасымен наградталған аналарға – 6,40 АЕК немесе 25 165 теңге;
"Алтын алқа" алқасымен наградталған немесе бұрын "Батыр Ана" атағын алған, І және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған аналарға – 7,40 АЕК немесе 29 097 теңге.
2025 жылғы 1 қаңтардан бастап балалы отбасыларға тағайындалатын мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері 6,5%-ға артқанын атап өтеміз.