Жамбылда хакер балалар ауруханасының 350 млн теңгесін жымқырып кетті

CC0 / Thomas Breher / Клавиатура
Клавиатура - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.02.2025
Жазылу
АСТАНА, 17 ақпан – Sputnik. Жамбыл облысында балалар ауруханасының 350 млн теңгесін ұрлап кеткен хакер ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Polisia.kz порталына сілтеме жасап.
Былтыр Жамбыл облыстық балалар ауруханасына жасалған хакерлік шабуыл кезінде есепшоттан 350 миллион теңге ұрланған болатын. Жедел іздестіру шаралары кезінде бұрын сотталған 33 жастағы ер адам ұсталды.
Ұрланған ақшаның 305 миллион теңгесі аурухана шотына қайтарылды. Қылмыстық істің материалдары қосымша тергеу жүргізу үшін Жамбыл облысы бойынша экономикалық тергеу департаментіне жіберілді.
Қазіргі кезде тергеу мүддесіне байланысты өзге мәлімет жарияланбай отыр.
Жаңалықтар
0