https://sputnik.kz/20250217/toqaev-otandyq-baluandardyn-zhetistikterin-zhogary-bagalady-50939296.html
Тоқаев отандық балуандардың жетістіктерін жоғары бағалады
Тоқаев отандық балуандардың жетістіктерін жоғары бағалады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 17 ақпан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық күрес федерациясының президенті Ненад Лаловичті қабылдады, деп хабарлады Ақорда. 17.02.2025, Sputnik Қазақстан
2025-02-17T19:27+0500
2025-02-17T19:27+0500
2025-02-17T19:27+0500
қазақша күрес
https://sputnik.kz/img/07e9/02/11/50938519_0:0:1281:721_1920x0_80_0_0_7837409a1ae3245728b05fa850e7d7d5.jpg
АСТАНА, 17 ақпан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық күрес федерациясының президенті Ненад Лаловичті қабылдады, деп хабарлады Ақорда.Қасым-Жомарт Тоқаев күрестің халықаралық спорт аренасындағы еліміздің беделін нығайтуда айтарлықтай рөлге ие екенін айтты. Сонымен қатар әлемдік турнирлерде табысты өнер көрсетіп жүрген отандық балуандардың жетістіктерін жоғары бағалады.Мемлекет басшысы Қазақстанның Халықаралық күрес федерациясымен стратегиялық ынтымақтастықты одан әрі арттыруға ниетті екенін мәлімдеді. Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, инфрақұрылымды жетілдіру, даярлықтың озық әдістерін енгізу және елімізде халықаралық турнирлерді өткізу осы спорт түрінің танымалдылығы мен бәсекеге қабілеттілігін еселеуге ықпал етеді.Ненад Лалович қонақжайлық танытқаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа ризашылығын білдіріп, ықпалдастықты жалғастыруға дайын екенін жеткізді. Ол Қазақстанды федерацияның маңызды серіктесі деп атап өтіп, біздің ұлттық күрес мектебінің зор табыстарына тоқталды. Ненад Лаловичтің айтуынша, қазақстандықтардың дені сау ұлт қалыптастыруға ұмтылысы спорт пен басқа да салаларда жоғары нәтижеге қол жеткізуге септігін тигізеді.Кездесуде Қазақстанның әлемдік спорт қоғамдастығындағы беделін нығайту және басымдыққа ие спорт түрі ретінде күресті одан әрі ілгерілету перспективасы талқыланды.Кездесу соңында мемлекет басшысы Қазақстандағы күресті дамытуға қосқан үлесі үшін Халықаралық күрес федерациясының президентін II дәрежелі "Достық" орденімен марапаттады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/02/11/50938519_32:0:1183:863_1920x0_80_0_0_b459fcef3e23633b3206b6a1b72a86ba.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазақша күрес
АСТАНА, 17 ақпан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық күрес федерациясының президенті Ненад Лаловичті қабылдады, деп хабарлады Ақорда.
Қасым-Жомарт Тоқаев күрестің халықаралық спорт аренасындағы еліміздің беделін нығайтуда айтарлықтай рөлге ие екенін айтты. Сонымен қатар әлемдік турнирлерде табысты өнер көрсетіп жүрген отандық балуандардың жетістіктерін жоғары бағалады.
Мемлекет басшысы Қазақстанның Халықаралық күрес федерациясымен стратегиялық ынтымақтастықты одан әрі арттыруға ниетті екенін мәлімдеді. Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, инфрақұрылымды жетілдіру, даярлықтың озық әдістерін енгізу және елімізде халықаралық турнирлерді өткізу осы спорт түрінің танымалдылығы мен бәсекеге қабілеттілігін еселеуге ықпал етеді.
Ненад Лалович қонақжайлық танытқаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа ризашылығын білдіріп, ықпалдастықты жалғастыруға дайын екенін жеткізді. Ол Қазақстанды федерацияның маңызды серіктесі деп атап өтіп, біздің ұлттық күрес мектебінің зор табыстарына тоқталды. Ненад Лаловичтің айтуынша, қазақстандықтардың дені сау ұлт қалыптастыруға ұмтылысы спорт пен басқа да салаларда жоғары нәтижеге қол жеткізуге септігін тигізеді.
Кездесуде Қазақстанның әлемдік спорт қоғамдастығындағы беделін нығайту және басымдыққа ие спорт түрі ретінде күресті одан әрі ілгерілету перспективасы талқыланды.
Кездесу соңында мемлекет басшысы Қазақстандағы күресті дамытуға қосқан үлесі үшін Халықаралық күрес федерациясының президентін II дәрежелі "Достық" орденімен марапаттады.