https://sputnik.kz/20250217/qazaqstan-iran-biznes-forumynda-928-mln-dollarga-on-kelisimge-qol-qoyyldy-50938234.html
Қазақстан-Иран бизнес форумында 92,8 млн долларға он келісімге қол қойылды
Қазақстан-Иран бизнес форумында 92,8 млн долларға он келісімге қол қойылды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 17 ақпан – Sputnik. Тегеранда өткен Қазақстан-Иран бизнес форумында 92,8 млн АҚШ долларына 10 коммерциялық келісімге қол қойылды, деп хабарлады Сауда... 17.02.2025, Sputnik Қазақстан
2025-02-17T22:16+0500
2025-02-17T22:16+0500
2025-02-17T22:16+0500
бизнес
иран
https://sputnik.kz/img/07e9/02/03/50511612_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_dde0a5785fdaa6f399b6d075595c1d00.jpg
АСТАНА, 17 ақпан – Sputnik. Тегеранда өткен Қазақстан-Иран бизнес форумында 92,8 млн АҚШ долларына 10 коммерциялық келісімге қол қойылды, деп хабарлады Сауда және интеграция министрлігі.Қазақстан Иран нарығына 250 млн доллар сомасына 75 өнім түрін жеткізуге дайын екенін білдірді.Жұмыс сапары аясында сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Иранның ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, шахталар және сауда министрлерімен, сондай-ақ жол және қала құрылысы министрімен келіссөздер жүргізді.Қазақстан бидай, арпа, ұн және өсімдік майларын жеткізуді ұлғайтуға мүдделі. Иран дәстүрлі түрде Қазақстанның астық экспорты бойынша негізгі серіктестерінің бірі саналады және таяу жылдары Қазақстан астық экспортын ұлғайтуға ниетті.Иранның ауыл шаруашылығы министрі Голамреза Нури Гезельджемен кездесуде "QazTrade" сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ Бас директоры Айтмұхамед Алдажаров Тегеранда Қазақстанның "QazTrade" тауарлар мен қызметтер экспортын ілгерілету жөніндегі ұлттық институтының серіктестік кеңсесін ашуды ұсынды. Бұл кеңсе қазақстандық кәсіпкерлерге жаңа серіктестер табуға және Иран нарығында өнімді тиімді жылжытуға мүмкіндік береді.Сонымен қатар сапар барысында Қазақстанның сауда министрі Иранның 100 ірі кәсіпкерін қамтитын "Корафарин" кәсіпкерлер кеңесімен кездесті. Кездесуде сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту перспективалары, сондай - ақ химия өнеркәсібінен тоқыма және орман өнеркәсібіне дейінгі әртүрлі салалардағы тауарлар өндірісі мен сұранысына қатысты мәселелер талқыланды.
иран
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/02/03/50511612_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_0e6c0d2eaec201832ad00c74971c5f9b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
бизнес, иран
АСТАНА, 17 ақпан – Sputnik. Тегеранда өткен Қазақстан-Иран бизнес форумында 92,8 млн АҚШ долларына 10 коммерциялық келісімге қол қойылды, деп хабарлады Сауда және интеграция министрлігі.
Қазақстан Иран нарығына 250 млн доллар сомасына 75 өнім түрін жеткізуге дайын екенін білдірді.
Жұмыс сапары аясында сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Иранның ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, шахталар және сауда министрлерімен, сондай-ақ жол және қала құрылысы министрімен келіссөздер жүргізді.
"Өткен жылдың қорытындысы бойынша екі ел арасындағы тауар айналымы 340 млн долларды құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 12,3%-ға артық. 2024 жылдың 12 айында Қазақстан мен Иран арасындағы ауыл шаруашылығы өнімінің тауар айналымы 219,8 млн долларды құрады, бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 33,3%-ға артық", - деп жазылған хабарламада.
Қазақстан бидай, арпа, ұн және өсімдік майларын жеткізуді ұлғайтуға мүдделі. Иран дәстүрлі түрде Қазақстанның астық экспорты бойынша негізгі серіктестерінің бірі саналады және таяу жылдары Қазақстан астық экспортын ұлғайтуға ниетті.
Иранның ауыл шаруашылығы министрі Голамреза Нури Гезельджемен кездесуде "QazTrade" сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ Бас директоры Айтмұхамед Алдажаров Тегеранда Қазақстанның "QazTrade" тауарлар мен қызметтер экспортын ілгерілету жөніндегі ұлттық институтының серіктестік кеңсесін ашуды ұсынды. Бұл кеңсе қазақстандық кәсіпкерлерге жаңа серіктестер табуға және Иран нарығында өнімді тиімді жылжытуға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар сапар барысында Қазақстанның сауда министрі Иранның 100 ірі кәсіпкерін қамтитын "Корафарин" кәсіпкерлер кеңесімен кездесті. Кездесуде сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту перспективалары, сондай - ақ химия өнеркәсібінен тоқыма және орман өнеркәсібіне дейінгі әртүрлі салалардағы тауарлар өндірісі мен сұранысына қатысты мәселелер талқыланды.