Астанада көлік жиі жүретін көшенің бір бөлігі 8 айға жабылады

© Sputnik / Владислав ВодневВиды города Нур-Султан зимой
Виды города Нур-Султан зимой - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.02.2025
Жазылу
АСТАНА, 17 ақпан – Sputnik. Астанада Қонаев көшесінің бір бөлігі 8 айға толығымен жабылады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.
Осы аптада "Астана Опера" мемлекеттік опера және балет театрының жанындағы жер үсті жаяу жүргіншілер өткелін реконструкциялау жұмыстары жалғасады.
"Осыған байланысты 19 ақпаннан 30 қазанға дейін Қонаев көшесінің Қабанбай батыр даңғылынан Тұран даңғылына дейінгі жол бөлігі жабылады. Автокөлік құралдары іргелес Достық және Сарайшық көшелерімен жүреді", - делінген ресми хабарламада.
Әкімдік уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрап, елорда тұрғындары мен қонақтарына өз маршрутын алдын ала жоспарлауға кеңес берді.
Жаңалықтар
0