https://sputnik.kz/20250217/46-kenshinin-qazasyna-qatysty-qylmystyq-is-sotqa-zhiberildi-50937552.html
46 кеншінің қазасына қатысты қылмыстық іс сотқа жіберілді
46 кеншінің қазасына қатысты қылмыстық іс сотқа жіберілді
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 17 ақпан – Sputnik. Костенко шахтасындағы 46 кеншінің қазасына қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталды. Бұл туралы бас прокурор Берік Асылов мәлімдеді... 17.02.2025, Sputnik Қазақстан
2025-02-17T17:15+0500
2025-02-17T17:15+0500
2025-02-17T17:15+0500
шахта
https://sputnik.kz/img/07e7/0a/1c/39718527_0:0:1280:720_1920x0_80_0_0_a46d9966e2616c53cb6ea0ae07278ac6.jpg
АСТАНА, 17 ақпан – Sputnik. Костенко шахтасындағы 46 кеншінің қазасына қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталды. Бұл туралы бас прокурор Берік Асылов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Істі арнайы прокурорлар бір жылдан астам уақыт бойы тергеді.2023 жылы 28 қазанда "Костенко" көмір шахтасында жарылыс болып, салдарынан 46 адам қаза тапты. Тағы 28 кенші жарақат алған. Оқиғаның себебін тексеру бойынша құрылған үкімет комиссиясы трагедияға 100% жұмыс беруші кінәлі деген шешімге келді.Дәл осы шахтада болған апаттан кейін Қазақстан "АрселорМиттал Теміртау" компаниясымен инвестициялық ынтымақтастықты тоқтатты. Ал компанияның атауы "Qarmet" болып өзгертілді.Айта кетері, Қылмыстық кодекстің 277-бабы, 3-бөлігі (тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргiзу кезiнде қауiпсiздiк қағидаларын бұзу, абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан іс-әрекет) бойынша үш жылдан сегіз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/0a/1c/39718527_180:0:1140:720_1920x0_80_0_0_7f1e62b5033a673112788f198cfe2ccd.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
шахта
АСТАНА, 17 ақпан – Sputnik. Костенко шахтасындағы 46 кеншінің қазасына қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталды. Бұл туралы бас прокурор Берік Асылов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Істі арнайы прокурорлар бір жылдан астам уақыт бойы тергеді.
"Костенко шахтасындағы 46 кеншінің қазасына қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталды. 10 айыпталушыға қатысты іс тау-кен жұмыстарының қауіпсіздік ережелерін бұзу (ҚК 277-бабының 3-бөлігі) бойынша сотқа жолданды", - деп жазды Асылов әлеуметтік желідегі парақшасында.
2023 жылы 28 қазанда "Костенко" көмір шахтасында жарылыс болып, салдарынан 46 адам қаза тапты. Тағы 28 кенші жарақат алған. Оқиғаның себебін тексеру бойынша құрылған үкімет комиссиясы трагедияға 100% жұмыс беруші кінәлі деген шешімге келді.
Дәл осы шахтада болған апаттан кейін Қазақстан "АрселорМиттал Теміртау" компаниясымен инвестициялық ынтымақтастықты тоқтатты. Ал компанияның атауы "Qarmet" болып өзгертілді.
Айта кетері, Қылмыстық кодекстің 277-бабы, 3-бөлігі (тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргiзу кезiнде қауiпсiздiк қағидаларын бұзу, абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан іс-әрекет) бойынша үш жылдан сегіз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.