https://sputnik.kz/20250216/salyq-reformasy-baspana-bagasy-qalay-ozgeredi--50903066.html
Салық реформасы: баспана бағасы қалай өзгереді
Салық реформасы: баспана бағасы қалай өзгереді
Sputnik Қазақстан
Алдағы уақытта қосылған құн салығы тағы 3-4 процентке көтерілгеннен кейін баспана бағасы да өседі дейді сарапшылар 16.02.2025, Sputnik Қазақстан
2025-02-16T19:38+0500
2025-02-16T19:38+0500
2025-02-16T19:38+0500
салық
баспана
https://sputnik.kz/img/1027/12/10271277_0:20:3072:1748_1920x0_80_0_0_ec1c5ec1506081641356788a1b26f0f9.jpg
АСТАНА, 16 ақпан – Sputnik. Үкімет қосылған құн салығын көтеруге мүдделі. Қазіргі кезде сараланған салық жүйесін енгізу мәселесі қаралып жатыр. Ең жоғары мөлшерлеме – 16 процент. Одан кейінгісі 10 процент және 0 процент, яғни бірқатар салаларда қосылған құн салығы мүлдем болмайды. Ал құрылыс саласында инфрақұрылымдық алым енгізілуі мүмкін. Sputnik Қазақстан салық реформасы баспана бағасына қалай әсер ететінін зерделеп көрді.Тауармен бірге үй де қымбаттайдыАлдағы уақытта қосылған құн салығы тағы 3-4 процентке көтерілгеннен кейін баспана бағасы да өседі. Оны министрлер кабинеті де мойындап отыр. Ұлттық экономика вице-министрі Арман Қасеновтың айтуынша, қосылған құн салығы халық жиі тұтынатын тауарларға ғана емес, құрылыс материалдарына да әсер етеді."Әрине, қосылған құн салығы 16 процентке көтерілсе, барлық тауардың бағасы көтеріле бастайды. Біздің есебімізге сәйкес, қысқа мерзімде инфляция 3-3,5 проценттің шамасында болады", - дейді Қасенов.Осылайша, салық реформасынан кейін бағалар тағы 3-3,5 процентке өседі. Өйткені құрылыс материалдарын сататын кәсіпкерлерге қосылған құн салығын төлеу керек. Ал құрылыс компаниялары олардан қымбат материал сатып алса, баспана бағасын көтеруге мәжбүр болады.Қазіргі кезде үкімет сараланған салық жүйесін ұсынып отыр. Оған сәйкес, қосылған құн салығының ең жоғары мөлшерлемесі 16 процент болады. Одан кейінгісі 10 процент, оны денсаулық және тағы бірқатар салаларда енгізейін деп жатыр. Ауыл шаруашылығы үшін қосылған құн салығы болмайды. Ал құрылыс компаниялары үшін салық емес, инфрақұрылымдық алымды енгізу қарастырылып жатыр. Оның мөлшері – баспананың бір шаршы метріне 40-60 доллар. Осылайша, үкімет инженерлік желілерге кеткен шығындарды ақтағысы келеді.Алым бағаны тағы көтеріп жібередіҚазақстан жылжымайтын мүлік федерациясының басшысы Ермек Мүсіреповтің айтуынша, қазіргі кезде Алматы мен Астана сияқты қалаларда баспананың бағасы онсыз да тым жоғары және халықтың жағдайына сәйкес келмейді.Сарапшының айтуынша, салық реформасынан кейін инфляция күшейеді. Ал оның үстіне тағы инфрақұрылымдық алымды енгізсе, баспана бағасы тағы көтеріледі."Иә, құрылыс салушы компания ол алымды төлейді. Бірақ барлық шығын тұтынушының мойнына түседі ғой. Қазір керісінше халыққа қолжетімді баспана салу қажет. Ал қосымша салықтар мен алымдар ондай мақсатқа жетуге мүмкіндік бермейді", - деп атап көрсетті Мүсірепов.Айта кетері, қосылған құн салығына қатысты ұсыныстар парламентке 20 ақпанға дейін енгізіледі. Одан кейін депутаттық корпуспен бірге талқыланады. Ал қабылданған жағдайда салыққа қатысты барлық өзгеріс келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.
https://sputnik.kz/20250211/saralangan-qun-salygy-engizilgen-zhagdayda-tauar-bagasy-qalay-ozgeredi-50756093.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Арман Асқар
https://sputnik.kz/img/07e6/02/01/22341520_723:0:2771:2048_100x100_80_0_0_d2b701657c73ab2015b40d4462be5643.jpg
Арман Асқар
https://sputnik.kz/img/07e6/02/01/22341520_723:0:2771:2048_100x100_80_0_0_d2b701657c73ab2015b40d4462be5643.jpg
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1027/12/10271277_341:0:3072:2048_1920x0_80_0_0_c4fc8d7b682f9287c9db3e6915ae8ac5.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Арман Асқар
https://sputnik.kz/img/07e6/02/01/22341520_723:0:2771:2048_100x100_80_0_0_d2b701657c73ab2015b40d4462be5643.jpg
салық, баспана
Салық реформасы: баспана бағасы қалай өзгереді
Алдағы уақытта қосылған құн салығы тағы 3-4 процентке көтерілгеннен кейін баспана бағасы да өседі дейді сарапшылар
АСТАНА, 16 ақпан – Sputnik. Үкімет қосылған құн салығын көтеруге мүдделі. Қазіргі кезде сараланған салық жүйесін енгізу мәселесі қаралып жатыр. Ең жоғары мөлшерлеме – 16 процент. Одан кейінгісі 10 процент және 0 процент, яғни бірқатар салаларда қосылған құн салығы мүлдем болмайды. Ал құрылыс саласында инфрақұрылымдық алым енгізілуі мүмкін.
Sputnik Қазақстан салық реформасы баспана бағасына қалай әсер ететінін зерделеп көрді.
Тауармен бірге үй де қымбаттайды
Алдағы уақытта қосылған құн салығы тағы 3-4 процентке көтерілгеннен кейін баспана бағасы да өседі. Оны министрлер кабинеті де мойындап отыр. Ұлттық экономика вице-министрі Арман Қасеновтың айтуынша, қосылған құн салығы халық жиі тұтынатын тауарларға ғана емес, құрылыс материалдарына да әсер етеді.
"Әрине, қосылған құн салығы 16 процентке көтерілсе, барлық тауардың бағасы көтеріле бастайды. Біздің есебімізге сәйкес, қысқа мерзімде инфляция 3-3,5 проценттің шамасында болады", - дейді Қасенов.
Осылайша, салық реформасынан кейін бағалар тағы 3-3,5 процентке өседі. Өйткені құрылыс материалдарын сататын кәсіпкерлерге қосылған құн салығын төлеу керек. Ал құрылыс компаниялары олардан қымбат материал сатып алса, баспана бағасын көтеруге мәжбүр болады.
Қазіргі кезде үкімет сараланған салық жүйесін ұсынып отыр. Оған сәйкес, қосылған құн салығының ең жоғары мөлшерлемесі 16 процент болады. Одан кейінгісі 10 процент, оны денсаулық және тағы бірқатар салаларда енгізейін деп жатыр. Ауыл шаруашылығы үшін қосылған құн салығы болмайды. Ал құрылыс компаниялары үшін салық емес, инфрақұрылымдық алымды енгізу қарастырылып жатыр. Оның мөлшері – баспананың бір шаршы метріне 40-60 доллар. Осылайша, үкімет инженерлік желілерге кеткен шығындарды ақтағысы келеді.
Алым бағаны тағы көтеріп жібереді
Қазақстан жылжымайтын мүлік федерациясының басшысы Ермек Мүсіреповтің айтуынша, қазіргі кезде Алматы мен Астана сияқты қалаларда баспананың бағасы онсыз да тым жоғары және халықтың жағдайына сәйкес келмейді.
"Бүгінде сан алуан жеңілдетілген ипотекалық бағдарламалар бар, әкімдіктер тарапынан қолдау жасалады. Соған қарамастан, адамдарда өз үйін алуға ақшасы жетпей жатыр. Ипотека да ала алмайды. Алғашқы жарнаға ақша таппай жатқандар қаншама. Сондықтан шаршы метрге қосылған әрбір теңге баспана бағасына әсер етеді, жылжымайтын мүлік халыққа одан әрі қолжетімсіз бола бастайды. Біздіңше, құрылыс саласына тиіспеу керек, қосымша салық салудың қажеті жоқ", - деді Мүсірепов Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұхбатында.
Сарапшының айтуынша, салық реформасынан кейін инфляция күшейеді. Ал оның үстіне тағы инфрақұрылымдық алымды енгізсе, баспана бағасы тағы көтеріледі.
"Иә, құрылыс салушы компания ол алымды төлейді. Бірақ барлық шығын тұтынушының мойнына түседі ғой. Қазір керісінше халыққа қолжетімді баспана салу қажет. Ал қосымша салықтар мен алымдар ондай мақсатқа жетуге мүмкіндік бермейді", - деп атап көрсетті Мүсірепов.
Айта кетері, қосылған құн салығына қатысты ұсыныстар парламентке 20 ақпанға дейін енгізіледі. Одан кейін депутаттық корпуспен бірге талқыланады. Ал қабылданған жағдайда салыққа қатысты барлық өзгеріс келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.