Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Қытай Украина бойынша бейбіт келісім орнайтынына үміттенеді

© AP Photo / Efrem LukatskyФлаг Украины, развевающийся над столицей рядом с монументом "Родина-мать" в Киеве
Флаг Украины, развевающийся над столицей рядом с монументом Родина-мать в Киеве - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.02.2025
Жазылу
АСТАНА, 16 ақпан – Sputnik. Қытай Украинаға қатысты әділ және бітімгершілік келісімге қол жеткізуге үміттенеді. Бұл туралы Қытай сыртқы істер министрі Ван И Украина сыртқы істер министрі Андрей Сибигамен кездесуінде айтты, деп хабарлайды Риа Новости.
Кездесу 15 ақпан күні кешке Мюнхен қауіпсіздік конференциясы алаңында өтті.
"Қытай бейбітшілікке қол жеткізуге бағытталған барлық күш-жігерді қолдайды және барлық тарапүшін қолайлы әділ, берік және бітімгершілік келісімге қол жеткізуге үміттенеді", - деді Ван И.
Ол Қытай "дағдарысты саяси жолмен шешуде және бейбітшілікке қол жеткізуде сындарлы рөл атқара береді" деп қосты.
Сонымен қатар, ол Қытай мен жаһандық оңтүстік елдерінің бастамасымен құрылған "Бейбітшілік достары" тұғырнамасы келіссөздер мен бейбітшілік үдерісін ілгерілету үшін консенсус құру жұмысын жалғастыратынын атап өтті.
Жаңалықтар
0