Қостанай облысында сырғанақты бұзып жатқан жұмысшы көз жұмды

© "Наша газета" басылымыҚостанай облысында сырғанақты бұзып жатқан жұмысшы көз жұмды
Қостанай облысында сырғанақты бұзып жатқан жұмысшы көз жұмды - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.02.2025
Жазылу
АСТАНА, 16 ақпан – Sputnik. Қостанай облысындағы Қамысты ауданының орталығында аудан әкімдігі жанындағы алаңда жаңажылдық сырғанақты бұзып жатқан жұмысшы 4,5 метр биіктен құлап кетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан "Наша газета" басылымына сілтеме жасап.
Оқиға 13 ақпан күні биіктігі 4,5 метрге жуық сырғанақты бұзу жұмысы кезінде болған. Ағаш құрылымдарды бөлшектеу кезінде жұмысшы биіктіктен құлап кеткен. Сол күні түнде аудандық аурухананың жансақтау бөлімінде қайтыс болды.
Облыстық полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатқанын хабарлады.
"Полицейлер адам өліміне әкеп соқтырған еңбек қауіпсіздігі ережелерін бұзу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр", - деп хабарлады құқық қорғау органы.
Жаңалықтар
0