https://sputnik.kz/20250216/qonaevta-ayel-adam-balalardy-onaltu-ortalygyn-ashu-ushin-pater-satyp-algan-50900076.html
Қонаевта әйел адам балаларды оңалту орталығын ашу үшін пәтер сатып алған
Қонаевта әйел адам балаларды оңалту орталығын ашу үшін пәтер сатып алған
Sputnik Қазақстан
Бұл – осы қаладағы жалғыз орталық 16.02.2025, Sputnik Қазақстан
2025-02-16T16:38+0500
2025-02-16T16:38+0500
2025-02-16T16:57+0500
қонаев қаласы
https://sputnik.kz/img/07e9/02/10/50899462_0:0:1179:663_1920x0_80_0_0_a2d48558303c749c02b72c4c37899dc2.jpg
АЛМАТЫ, 16 ақпан - Sputnik. Айжан Абырайымова Қонаевтағы аутист балаларға арналған жалғыз орталықты ашқан. Бұл үшін ол ақша жинап пәтер сатып алған. Ол Sputnik Қазақстан тілшісіне орталықты қалай ашып бергені туралы айтып берді.Айжан Қонаев қаласынан аутизм спектрі және сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған орталық ашқан. Айта кетейік, бұл – осы қаладағы жалғыз орталық. Ол өзі де осындай диагнозы бар бала тәрбиелеп отырған ана.Орталықта емдік массаж, жаттығу жасау, нейропсихологтың көмегі, логопедпен жұмыс жасау секілді қызметтер көрсетіледі."Қазір бізге 12 бала тегін, 17 бала ақылы түрде келеді. Орталықта әлеуметтік осал топтан шыққан 4 ана, 2 мүгедектігі бар адамды жұмыспен қамтып отырмыз. Оларды бұған дейін ешкім жұмысқа қабылдамаған", – деді Айжан.Тіпті кәмпит жей алмайтын балаға көмектескен орталықтың қазірдің өзінде біраз жетістікке жеткен."Кей балалар, тіпті, кәмпитті өз бетінше жей алмайтын. Қазір олар біртіндеп іс-әрекетке жарап қалды. Ал бір анамыз өзінің баласының 7 жаста сөйлегенін алғаш рет естіді. Оңалту, емдік шаралардан кейін бір баламыздың денсаулығы жақсарып, балабақшаға баратын құрдастарының қатарына қосылды", – деді ол.Айжанның ендігі арманы – 3 жастан 18 жасқа дейінгі барлық мүгедектігі бар балақайларға арналған үлкен орталық ашу.
қонаев қаласы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/02/10/50899462_157:0:1052:671_1920x0_80_0_0_29fe9d39a8ed8cda5ca58eaf4da11a51.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
қонаев қаласы
Қонаевта әйел адам балаларды оңалту орталығын ашу үшін пәтер сатып алған
16:38 16.02.2025 (жаңартылды: 16:57 16.02.2025) Бұл – осы қаладағы жалғыз орталық
АЛМАТЫ, 16 ақпан - Sputnik. Айжан Абырайымова Қонаевтағы аутист балаларға арналған жалғыз орталықты ашқан. Бұл үшін ол ақша жинап пәтер сатып алған. Ол
Sputnik Қазақстан тілшісіне орталықты қалай ашып бергені туралы айтып берді.
Айжан Қонаев қаласынан аутизм спектрі және сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған орталық ашқан. Айта кетейік, бұл – осы қаладағы жалғыз орталық. Ол өзі де осындай диагнозы бар бала тәрбиелеп отырған ана.
"Өзім ерекше бала тәрбиелеп отырмын. Менің баламнан басқа, Қонаевта аутизм диагнозы қойылған бүлдіршіндер өте көп. Сондықтан оларға көмек беру үшін дамыту орталығын ашуды жөн көрдім. Алдымен ақша жинап, 3 бөлмелі пәтер сатып алдым. Кейіннен мансап орталығы ұсынған мемлекеттік гранттың конкурсына қатысып, көмек алдым. Сөйтіп орталықтың іргесін қаладым", – дейді Айжан Абырайымова.
Орталықта емдік массаж, жаттығу жасау, нейропсихологтың көмегі, логопедпен жұмыс жасау секілді қызметтер көрсетіледі.
"Қазір бізге 12 бала тегін, 17 бала ақылы түрде келеді. Орталықта әлеуметтік осал топтан шыққан 4 ана, 2 мүгедектігі бар адамды жұмыспен қамтып отырмыз. Оларды бұған дейін ешкім жұмысқа қабылдамаған", – деді Айжан.
Тіпті кәмпит жей алмайтын балаға көмектескен орталықтың қазірдің өзінде біраз жетістікке жеткен.
"Кей балалар, тіпті, кәмпитті өз бетінше жей алмайтын. Қазір олар біртіндеп іс-әрекетке жарап қалды. Ал бір анамыз өзінің баласының 7 жаста сөйлегенін алғаш рет естіді. Оңалту, емдік шаралардан кейін бір баламыздың денсаулығы жақсарып, балабақшаға баратын құрдастарының қатарына қосылды", – деді ол.
Айжанның ендігі арманы – 3 жастан 18 жасқа дейінгі барлық мүгедектігі бар балақайларға арналған үлкен орталық ашу.