https://sputnik.kz/20250216/astanada-kalyan-shekkenderge-700-myn-tenge-ayyppul-salyndy-50903380.html
Астанада кальян шеккендерге 700 мың теңге айыппұл салынды
Астанада кальян шеккендерге 700 мың теңге айыппұл салынды
Sputnik Қазақстан
Қоғамдық орындарда кальян шегуге тыйым салуды енгізу туралы қаулы 2013 жылдың 14 наурызында күшіне енген болатын 16.02.2025, Sputnik Қазақстан
2025-02-16T20:40+0500
2025-02-16T20:40+0500
2025-02-16T20:40+0500
елорда тынысы
заң бұзу
астана
https://sputnik.kz/img/07e8/07/1d/45950202_0:105:2000:1230_1920x0_80_0_0_05c13e3268ae96482945504fb7f6ffc5.jpg
АСТАНА, 16 ақпан – Sputnik. Астанада кальян барына ауқымды рейд жүргізілді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Түнгі аралау барысында 12 жеке тұлғаға және 3 ойын-сауық иесіне 700 мың теңгеден аса көлемде айыппұл салынды.Байқоңыр ауданында Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 441-бабына сәйкес қоғамдық тамақтану орындарында темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, кальянды тұтыну фактілерінің алдын алу және жолын кесу бойынша рейдтік шаралар жалғасуда.Жыл басынан бері Байқоңыр ауданында қоғамдық тамақтану орындарында темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, кальянды тұтыну бойынша барлығы 49 факті анықталған. Кальян шегетіндерге Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 441-бабы бойынша айыппұл салынды.Айта кетейік, қоғамдық орындарда кальян шегуге тыйым салуды енгізу туралы қаулы 2013 жылдың 14 наурызында күшіне енген болатын. Заң бұзғандарға 15 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Қайталап бұзғаны үшін – 20 АЕК. Ал мекеме иелеріне 20-дан 60 АЕК-ке дейін айыппұл салынады.
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/07/1d/45950202_110:0:1890:1335_1920x0_80_0_0_4dbc41ab6818cbc9e44f0033eb633d4c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
заң бұзу, астана
Астанада кальян шеккендерге 700 мың теңге айыппұл салынды
Қоғамдық орындарда кальян шегуге тыйым салуды енгізу туралы қаулы 2013 жылдың 14 наурызында күшіне енген болатын
АСТАНА, 16 ақпан – Sputnik. Астанада кальян барына ауқымды рейд жүргізілді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Түнгі аралау барысында 12 жеке тұлғаға және 3 ойын-сауық иесіне 700 мың теңгеден аса көлемде айыппұл салынды.
Байқоңыр ауданында Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 441-бабына сәйкес қоғамдық тамақтану орындарында темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, кальянды тұтыну фактілерінің алдын алу және жолын кесу бойынша рейдтік шаралар жалғасуда.
Жыл басынан бері Байқоңыр ауданында қоғамдық тамақтану орындарында темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, кальянды тұтыну бойынша барлығы 49 факті анықталған. Кальян шегетіндерге Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 441-бабы бойынша айыппұл салынды.
Айта кетейік, қоғамдық орындарда кальян шегуге тыйым салуды енгізу туралы қаулы 2013 жылдың 14 наурызында күшіне енген болатын. Заң бұзғандарға 15 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Қайталап бұзғаны үшін – 20 АЕК. Ал мекеме иелеріне 20-дан 60 АЕК-ке дейін айыппұл салынады.