Алматы зообағы басқа қалаға көшіріле ме

© Sputnik/Ертай СарбасовЗоопарк Алматы
Зоопарк Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.02.2025
Жазылу
Алматы зообағы Алатау қаласына көшірілуі мүмкін деген ақпарат тараған еді
АСТАНА, 16 ақпан – Sputnik. Алматының мәдениет басқармасы Алматы хайуанаттар бағы басқа қалаға көшірулуі мүмкін деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді.
Басқарманың мәліметінше, Алматы хайуанаттар бағы жұмысын бұрынғы жерде жалғастырып келеді, басқа қалаға көшіру жоспарда жоқ.

"Алматының аумағын дамыту жоспары аясында хайуанаттар бағын халықаралық стандарттарға сәйкес зоогеографиялық қағида бойынша жаңғырту мен реконструкциялау көзделген. Биыл жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу бойынша байқау жариялау жоспарланған. Реконструкциялау жұмыстары кезең-кезеңімен 2028 жылға дейін жүзеге асырылады", - деп хабарлады Алматының мәдениет басқармасы

Ведомство жоспарланған реконструкциялау аясында жүргізілетін жұмыстар жануарларды ұстау жағдайын айтарлықтай жақсартып, зообаққа келушілер үшін жайлылық деңгейін арттыруға мүмкіндік беретінін хабарлады.
Город Конаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.07.2024
Қонаевтың бір бөлігі Алатау қаласы құрамына өтеді
Жаңалықтар
0