https://sputnik.kz/20250215/astana-zhurty-augan-sogysynan-oralmagan-qazaqstandyqtardy-eske-aldy-50889387.html
Астана жұрты Ауған соғысынан оралмаған қазақстандықтарды еске алды
Астана жұрты Ауған соғысынан оралмаған қазақстандықтарды еске алды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 15 ақпан — Sputnik. Кеңес әскерінің Ауғанстаннан шығарылуына 36 жыл толуына арналған іс-шаралар аясында елордада Ауғанстанда қаза тапқан жауынгерлерге... 15.02.2025, Sputnik Қазақстан
2025-02-15T18:28+0500
2025-02-15T18:28+0500
2025-02-15T18:28+0500
ауғанстан
соғыс ардагері
https://sputnik.kz/img/07e9/02/0f/50888732_0:66:1280:786_1920x0_80_0_0_694ebfd61c2372206f6c1b68e39dae33.jpg
АСТАНА, 15 ақпан — Sputnik. Кеңес әскерінің Ауғанстаннан шығарылуына 36 жыл толуына арналған іс-шаралар аясында елордада Ауғанстанда қаза тапқан жауынгерлерге арналған мемориалға гүл шоқтары қойылды, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.Жиналғандар қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алды. Құрмет қарауыл ротасы мемориалға гүл шоқтары қойды.Сол күні ҚР Қарулы күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында концерт өтті. Көрермендер арасында Ауған жауынгерлері, ҚР Қарулы күштерінің ардагерлері, 68665 әскери бөлімінің әскери қызметшілері және Кеңес Одағының батыры С.Нұрмағамбетов атындағы елордалық әскери колледждің ұландары болды.Сахнадан ауғандағы жаралы жылдарды елестетін әндер шырқалды.Қонақтарды Ауғанстандағы соғыс тарихы фактілерімен таныстыру мақсатында Ұлттық әскери-патриоттық орталық залдарының бірінде қазақстандықтардың Ауғанстан аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысуы туралы баяндайтын әскери-тарихи музей қорынан фотоаймақ және ақпараттық көрме ұйымдастырылды.
ауғанстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/02/0f/50888732_73:0:1208:851_1920x0_80_0_0_7cb146e6d473665543ae46a50faa790d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ауғанстан, соғыс ардагері
ауғанстан, соғыс ардагері
Астана жұрты Ауған соғысынан оралмаған қазақстандықтарды еске алды
АСТАНА, 15 ақпан — Sputnik. Кеңес әскерінің Ауғанстаннан шығарылуына 36 жыл толуына арналған іс-шаралар аясында елордада Ауғанстанда қаза тапқан жауынгерлерге арналған мемориалға гүл шоқтары қойылды, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Жиналғандар қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алды. Құрмет қарауыл ротасы мемориалға гүл шоқтары қойды.
Сол күні ҚР Қарулы күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында концерт өтті. Көрермендер арасында Ауған жауынгерлері, ҚР Қарулы күштерінің ардагерлері, 68665 әскери бөлімінің әскери қызметшілері және Кеңес Одағының батыры С.Нұрмағамбетов атындағы елордалық әскери колледждің ұландары болды.
Сахнадан ауғандағы жаралы жылдарды елестетін әндер шырқалды.
Қонақтарды Ауғанстандағы соғыс тарихы фактілерімен таныстыру мақсатында Ұлттық әскери-патриоттық орталық залдарының бірінде қазақстандықтардың Ауғанстан аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысуы туралы баяндайтын әскери-тарихи музей қорынан фотоаймақ және ақпараттық көрме ұйымдастырылды.