Қазақстан астығының Ресей арқылы транзиті: "Россельхознадзор" түсініктеме берді

© Photo : канал пресс-службы акима Павлодарской областиУборка урожая
Уборка урожая - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.02.2025
Жазылу
Қазақстанның ауыл шаруашылығы министрлігі салынған тыйым толық алынып тасталғанын хабарлады
АСТАНА, 14 ақпан - Sputnik. "Россельхознадзор" қазақстандық астықтың Ресей арқылы транзитін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Қазіргі уақытта 2024 жылдың 17 қазанынан бастап Ресейге Қазақстаннан бидай, жасымық және майлы зығыр тұқымын әкелуге енгізілген уақытша шектеулер қолданылады. Олар қазақстандық тарап фитосанитариялық сертификаттарды үшінші елге тікелей ресімдеген және астықты теміржол вагондарынан кеме трюмдеріне ауыстырып тиеген жағдайда аталған өнімнің транзитіне қолданылмайды", - деп хабарлады ведомстводағылар.
Жоғарыда аталған қазақстандық астық өнімдерінің Ресей аумағы арқылы үшінші елдерге транзиті карантиндік зиянды организмдердің Ресей аумағы арқылы таралу қаупін болдырмауды көздейді. Бұл астықты кемеге тікелей ауыстырып тиеуге мүмкіндік беретін белгілі бір теңіз порттары арқылы ғана жүзеге асады.
Сондай-ақ Қазақстаннан шыққан астық өнімдерін Ресейге жеткізу кезінде ЕАЭО-ның карантиндік фитосанитариялық талаптарын сақтауға бағытталған нақты шараларды әзірлеу бойынша жұмыс жүргізіліп жатқаны айтылды.
Оның ішінде Қазақстаннан Ресейге сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асырмайтын компаниялардың атына өсімдік тектес өнімдерді жеткізуге тергеу жүргізу бойынша да жұмыстар жүріп жатыр.
Сонымен қатар Қазақстан ауыл шаруашылығы министрлігі "Россельхознадзордың" түсіндірмелеріне былай жауап берді:
"Қазақстан ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровтың РФ министрі Оксана Лутпен келіссөздері барысында биылғы жылдың қаңтарында Қазақстан Ресей арқылы ауыл шаруашылығы өнімдерінің транзитіне қатысты мәселелер шешілді. "Россельхознадзордың" шектеулерді алып тастау туралы сұрағына ауыл шаруашылығы министрі Ресей тарапынан транзитке қатысты мәселелер жоқ екенін айтты", - деп хабарлады ведомстводағылар.
Сондай-ақ ведомство Ресей өнімнің осы түрлері бойынша өз қажеттіліктерін толығымен қанағаттандыратындықтан, Ресей нарығына қазақстандық өндірушілер қажет емес.
Ал жағдайды реттеу үшін келіссөздер үнемі жүргізіліп отырады, деп нақтылады Қазақстанның ауыл шаруашылығы министрлігі.
Вагоны-зерновозы - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.02.2025
ҚТЖ Қытайға астық тасымалдауға тыйым салу мерзімін ұзартты
Жаңалықтар
0