https://sputnik.kz/20250214/kharbindegi-qysqy-aziya-oyyndary-ayaqtaldy-50883815.html
Харбиндегі қысқы Азия ойындары аяқталды
Харбиндегі қысқы Азия ойындары аяқталды
Sputnik Қазақстан
Қазақстан құрамасы 4 алтын, 9 күміс, 7 қола жүлде жеңіп алды 14.02.2025, Sputnik Қазақстан
2025-02-14T19:25+0500
2025-02-14T19:25+0500
2025-02-14T19:25+0500
азия ойындары
https://sputnik.kz/img/07e9/02/0e/50883649_0:68:1280:788_1920x0_80_0_0_0b51b985d02e537d009b367ceb7d8c5f.jpg
АСТАНА, 14 ақпан – Sputnik. Қытайдың Харбин қаласында ұйымдастырылған IX қысқы Азия ойындары мәресіне жетті. Биылғы ақ Азиадада Қазақстан құрамасы 4 алтын, 9 күміс, 7 қола жүлде олжалап, жалпыкомандалық есепте 4-орынға тұрақтады, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі.Ел қоржынына алтын жүлдені биатлоннан жекелей сында өнер көрсеткен Владислав Киреев, фристайл-акробатикадан синхронды секіруден, шорт-тректен және хоккейден ерлер құрамасы салды.Күміс жүлдені биатлоншы Вадим Куралас пен эстафетада Қазақстан ерлер құрамасы, фристайл-акробатикадан аралас құрама, шаңғыдан Константин Бортцов пен әйелдер құрамасы, шорт-тректен әйелдер және аралас құрама, конькимен жүгіруден Евгений Кошкин және шайбалы хоккейден әйелдер құрамасы жеңіп алды.Ал конькимен жүгіруден әйелдер құрамасы, мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров, шаңғышы Олжас Климин, шаңғыдан ерлер құрамасы, фристайл-акробатикадан Аяна Жолдас пен әйелдер құрамасы және биатлоннан әйелдер құрамасы Азиаданың қола жүлдегері атанды.Қысқы Азия ойындарында Қазақстан құрамасының 137 атлеті 6 спорт түрінен 10 дисциплинада сынға түсті. Харбиндегі дүбірлі додада жалпы 9 елдің спортшылары жүлдегерлер қатарынан көрінді.Айта кетері, келесі қысқы Азия ойындары 2029 жылы Сауд Арабиясында өтеді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/02/0e/50883649_71:0:1211:855_1920x0_80_0_0_b45061078348eafb85fd595bf7eb6401.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
азия ойындары
Харбиндегі қысқы Азия ойындары аяқталды
Қазақстан құрамасы 4 алтын, 9 күміс, 7 қола жүлде жеңіп алды
АСТАНА, 14 ақпан – Sputnik. Қытайдың Харбин қаласында ұйымдастырылған IX қысқы Азия ойындары мәресіне жетті. Биылғы ақ Азиадада Қазақстан құрамасы 4 алтын, 9 күміс, 7 қола жүлде олжалап, жалпыкомандалық есепте 4-орынға тұрақтады, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі.
Ел қоржынына алтын жүлдені биатлоннан жекелей сында өнер көрсеткен Владислав Киреев, фристайл-акробатикадан синхронды секіруден, шорт-тректен және хоккейден ерлер құрамасы салды.
Күміс жүлдені биатлоншы Вадим Куралас пен эстафетада Қазақстан ерлер құрамасы, фристайл-акробатикадан аралас құрама, шаңғыдан Константин Бортцов пен әйелдер құрамасы, шорт-тректен әйелдер және аралас құрама, конькимен жүгіруден Евгений Кошкин және шайбалы хоккейден әйелдер құрамасы жеңіп алды.
Ал конькимен жүгіруден әйелдер құрамасы, мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров, шаңғышы Олжас Климин, шаңғыдан ерлер құрамасы, фристайл-акробатикадан Аяна Жолдас пен әйелдер құрамасы және биатлоннан әйелдер құрамасы Азиаданың қола жүлдегері атанды.
Қысқы Азия ойындарында Қазақстан құрамасының 137 атлеті 6 спорт түрінен 10 дисциплинада сынға түсті. Харбиндегі дүбірлі додада жалпы 9 елдің спортшылары жүлдегерлер қатарынан көрінді.
Айта кетері, келесі қысқы Азия ойындары 2029 жылы Сауд Арабиясында өтеді.