Бүлдіршінді қылқындырған: Алматыдағы жекеменшік балабақшадан тағы шу шықты

© Photo : Esi GrünhagenРебенок играет
Ребенок играет - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.02.2025
Жазылу
Оқиғаның бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарады
АЛМАТЫ, 14 ақпан – Sputnik. Алматыдағы жекеменшік балабақшалардың бірінде тәрбиеші бүлдіршінге қол жұмсаған, деп хабарлайды Spytnik Қазақстан тілшісі.
Келеңсіз оқиға жекеменшік "Ахляк" балабақшасында болған.
Оқиғаның бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарады. Онда хиджап киген әйел бүлдіршінді қылқындырады. Қалалық білім бөлімі мекеме жекеменшік болғандықтан, қандай да бір шара қолдануға еш құзіреті жоқ екенін айтты.
Оқиғаға қатысты қалалық әкімдік түсініктеме берді.
"Ахляк" коммерциялық негізде мемлекеттік қаржыландырусыз және мемлекеттік тапсырыссыз жұмыс істейтін жеке мекеме. Бұл ретте ол ұлттық білім беру деректер базасында тіркелмеген", - дейді ведомство.
Бостандық ауданының полициясы тергеу бастады.
"Бостандық аудандық полиция басқармасына қарасты полиция бөлімі кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның мән-жайы анықталуда", - дейді полиция.
Басқарманың мәліметінше, кінәлі адамдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады.
Жаңалықтар
0