Азия ойындары: Қазақстан қоржынына төртінші алтын түсті

© Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметіҚазақстанның хоккейден ерлер құрамасы Азия ойындарының алтын жүлдесін жеңіп алды
Қазақстанның хоккейден ерлер құрамасы Азия ойындарының алтын жүлдесін жеңіп алды - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.02.2025
Жазылу
Финалда қазақстандық хоккейшілер Жапония құрамасымен кездесті
АСТАНА, 14 ақпан – Sputnik. Қазақстанның хоккейден ерлер құрамасы Азия ойындарының алтын жүлдесін жеңіп алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Финалда қазақстандық хоккейшілер Жапония құрамасымен кездесті. Ойынның бірінші кезеңінде Қазақстан құрамасы есеп ашты. Ал екінші кезеңнің басында өз басымдығын ұлғайтты. Есеп – 2:0. Үшінші кезеңде қарсыластар тағы ережені бұзды. Сол үшін бір хоккейшісі айыппұл алаңына қуылды. Қазақстан құрамасы бұл мүмкіндікті қалт жібермей, Жапонияның қақпасына үшінші шайба салды. Ал соңғы кезеңде қарсыластар тағы екі шайба өткізіп алды. Қорытынды есеп – 5:0.
Финалға дейін Қазақстанның ерлер құрамасы барлық қарсыластарын жеңді. Соның ішінде Гонконг құрамасын 24:0 есебімен тізе бүктірді. Ал әйелдер құрамасы Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды.
Айта кетері, осымен Харбиндегі Азия ойындары аяқталды. Қазақстанның қоржынында 4 алтын, 9 күміс пен 7 қола медаль бар.
Азиадада Аяна Жолдас қола жүлде жеңді - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.02.2025
Азиада - 2025: Қазақстан қоржынында тағы бір қола жүлде
Жаңалықтар
0