https://sputnik.kz/20250214/altyn-adam-animatsiyalyq-filmi-korermenge-zhol-tartady-50879611.html
"Алтын Адам" анимациялық фильмі көрерменге жол тартады
"Алтын Адам" анимациялық фильмі көрерменге жол тартады
Sputnik Қазақстан
Фильмге Есік қорғанынан табылған Алтын адам археологиялық мұрасы арқау болған 14.02.2025, Sputnik Қазақстан
2025-02-14T18:58+0500
2025-02-14T18:58+0500
2025-02-14T18:58+0500
алтын адам
фильм
https://sputnik.kz/img/1154/02/11540212_0:0:1024:576_1920x0_80_0_0_d677af057a0c74a73123a1f5bd68fc52.jpg
АЛМАТЫ , 14 ақпан - Sputnik. Биыл Қазақстан кинотеатрларында экшн және фэнтези жанрындағы "Алтын Адам" толықметражды анимациялық фильмі көрермен назарына ұсынылады, деп хабарлады Мәдениет және ақпарат министрлігі."Алтын Адам" – өмір отын іздеп, Хан тәңірі шыңына шыққан сақ жауынгерінің оқиғасын баяндайды. Ол сол сапарда сенімді дос табады, қауіпті қарсыластармен шайқасады. Сан түрлі сынақтан өтіп, ол нағыз жауынгерге атанып, туған жерін зұлымдықтан қорғайды.Фильмнің режиссерлері – Тұрдыбек Майдан ("Мұзбалақ" жобасының авторы) және Тілек Төлеуғазы."Алтын Адам" жобасының басты мақсаты – адамның сырты ғана емес, ішкі жан дүниесі де "алтын" бола алатынын көрсету. Фильмге Есік қорғанынан табылған Алтын адам археологиялық мұрасы арқау болған.Мультфильм Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қолдауымен әзірленген.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1154/02/11540212_128:0:896:576_1920x0_80_0_0_953d62c227dece66a13250467263b31d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алтын адам, фильм
"Алтын Адам" анимациялық фильмі көрерменге жол тартады
Фильмге Есік қорғанынан табылған Алтын адам археологиялық мұрасы арқау болған
АЛМАТЫ , 14 ақпан - Sputnik. Биыл Қазақстан кинотеатрларында экшн және фэнтези жанрындағы "Алтын Адам" толықметражды анимациялық фильмі көрермен назарына ұсынылады, деп хабарлады Мәдениет және ақпарат министрлігі.
"Алтын Адам" – өмір отын іздеп, Хан тәңірі шыңына шыққан сақ жауынгерінің оқиғасын баяндайды. Ол сол сапарда сенімді дос табады, қауіпті қарсыластармен шайқасады. Сан түрлі сынақтан өтіп, ол нағыз жауынгерге атанып, туған жерін зұлымдықтан қорғайды.
Фильмнің режиссерлері – Тұрдыбек Майдан ("Мұзбалақ" жобасының авторы) және Тілек Төлеуғазы.
"Алтын Адам" жобасының басты мақсаты – адамның сырты ғана емес, ішкі жан дүниесі де "алтын" бола алатынын көрсету. Фильмге Есік қорғанынан табылған Алтын адам археологиялық мұрасы арқау болған.
"Жоба 2D форматында жасалды. Бұл әдіс ежелгі дәуірді қаз-қалпында бейнелеуге, сол кезеңнің қабырға суреттері мен сәулет өнерін көрсетуге мүмкіндік берді", - дейді ведомство.
Мультфильм Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қолдауымен әзірленген.