Жұмысынан айырылғандарға 9,4 млрд теңгеге төлем жүргізілді

Ақша және калькулятор - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.02.2025
Жазылу
Жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем алушылар саны 106 мың адамды құрады
АСТАНА, 13 ақпан - Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жұмыссыздарға қандай көмек көрсетілгені туралы деректерді жариялады.
2025 жылдың 1 ақпанындағы жағдай бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем алушылар саны 106 мың адамды құрады. Бұл ретте 31,2 мың адамға төлем осы жылы тағайындалды. Төлемдердің жалпы сомасы 9,4 млрд теңге болды.
"Қолданыстағы заңнамаға сәйкес жұмыстан босатылған жұмыскерлер міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне және соңғы 24 айдағы табысына байланысты 1 айдан 6 айға дейін жұмысынан айырылуы бойынша әлеуметтік төлемдер алады. Төлем жоғалған кірістің 45%-ына дейінгі мөлшерде МӘСҚ қаражаты есебінен жүзеге асырылады", - деп жазылған хабарламада.
Бұл қызметті онлайн режимінде Электрондық еңбек биржасы (enbek.kz) арқылы да алуға болады.
ЕАЭО елдеріндегі жұмыссыздар саны бір жылда 14,2%-ға қысқарды  - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.09.2024
Инфографика
ЕАЭО елдеріндегі жұмыссыздар саны бір жылда 14,2%-ға қысқарды
Жаңалықтар
0