Жол ережесін жиі бұзатындар айыппұл сомасындағы 50% жеңілдіктен айырылуы мүмкін

© Sputnik / Владислав ВодневМас күйде көлік басқарған адам, иллюстративті фото
Мас күйде көлік басқарған адам, иллюстративті фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.02.2025
Жазылу
Алматыда былтыр 4,2 млн рет жол ережесі бұзылған
АСТАНА, 13 ақпан – Sputnik. Сенатор Марат Қожаев жол ережесін жиі бұзатын көлік жүргізушілері үшін айыппұл төлеу кезінде 50 проценттік жеңілдікті алып тастауды ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Сенатор үкімет басшысына депутаттық сауал жолдап, жол ережесін бұзғаны үшін жазалау шараларын өзгертуді ұсынды. Осы орайда Қожаев Алматы қаласындағы жағдайды мысалға келтірді. Оңтүстік астанада былтыр 4,2 млн рет жол ережесі бұзылған. Көлік жүргізушілері айыппұлдан да қорықпайды. Мәселен, біреуі жол ережесін 143 рет бұзған. Сол үшін 3 миллион теңгеге айыппұл салынды. Бірақ ол 50 проценттік жеңілдікті пайдаланып, жол ережесін бұзуды жалғастыра берген.
"Соған қарағанда жол ережесін жиі бұзатындарға айыппұл қатты әсер етпейді. Сондықтан жазалау әдістерін шұғыл қайта қарау қажет", - деді Қожаев сенаттың бүгінгі отырысында.
Депутат мынандай бірнеше ұсыныс жасады:
жол ережесін 10 рет бұзғандар үшін теориялық емтиханды қайта тапсыру міндетін енгізу;
жол ережесін қайта бұзғаны үшін көлік жүргізу куәлігінен уақытша айыруға дейін жазаны күшейту;
жол ережесін жиі бұзатындар үшін 50 проценттік жеңілдікті алып тастау;
жазаны тағайындаудың сараланған жүйесін енгізу.
Камеры видеонаблюдения в Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.02.2025
Былтыр қазақстандықтарға 304 млрд теңге айыппұл салынды
Жаңалықтар
0