Сапалы білім мен кәсіби дағдыны меңгерген мамандар өте қажет – Тоқаев

© Photo : Ақорданың баспасөз қызметіПрезидент "Жұмысшы мамандықтарының қаласы" фестиваліне барды
Президент Жұмысшы мамандықтарының қаласы фестиваліне барды - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.02.2025
Жазылу
АСТАНА, 13 ақпан – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев EXPO көрме алаңында өтіп жатқан "Жұмысшы мамандықтарының қаласы" фестиваліне барды, деп хабарлады Ақорда.
Болашақ мамандардың, жұмыс берушілер мен кәсіптік-техникалық ұйымдардың басын қосқан фестивалді Оқу-ағарту министрлігі ұйымдастырды.
© Photo : Ақорданың баспасөз қызметіПрезидент "Жұмысшы мамандықтарының қаласы" фестиваліне барды
Президент Жұмысшы мамандықтарының қаласы фестиваліне барды - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.02.2025
Президент "Жұмысшы мамандықтарының қаласы" фестиваліне барды
Қалашықтағы 40 интерактивті көрмеде 200-ден астам мамандықтың қыр-сырына қанығып, экономика секторларының ерекшеліктерімен танысуға болады. Фестиваль аясында бірнеше күн бойы түрлі семинарлар, шеберлік сағаттары, инновациялық сессиялар мен жұмыс жәрмеңкелері ұйымдастырылады. Алғашқы екі күнде іс-шараға 15 мыңнан астам адам келген.
Қасым-Жомарт Тоқаев энергетика, тау-кен, металлургия, мұнай-газ, құрылыс, ауыл шаруашылығы және тағы да басқа салаларға маман даярлау үдерісімен танысты. Сондай-ақ президентке еңбек нарығындағы сұранысқа және әр өңірдің ерекшелігіне қарай кәсіптік-техникалық білім беру ұйымдарын трансформациялау мысалдары баяндалды.
© Photo : Ақорданың баспасөз қызметіПрезидент "Жұмысшы мамандықтарының қаласы" фестиваліне барды
Президент Жұмысшы мамандықтарының қаласы фестиваліне барды - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.02.2025
Президент "Жұмысшы мамандықтарының қаласы" фестиваліне барды
Президент атом электр стансасы секілді ірі жобаларды жүзеге асыру қарсаңында сапалы білім мен кәсіби дағдыны меңгерген мамандар өте қажет екенін айтты.
Мемлекет басшысы "Жұмысшы мамандықтарының қаласын" аралап көрген соң өңірлерден келген жастармен жүздесті.
Касым-Жомарт Токаев во время встречи с участниками фестиваля Город рабочих профессий в Астане - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.02.2025
Тоқаев Украина төңірегіндегі жағдай туралы пікір білдірді
Жаңалықтар
0