https://sputnik.kz/20250213/qanday-sport-nysandaryna-batyrlardyn-esimi-berilgen-50847397.html
Қандай спорт нысандарына батырлардың есімі берілген
Қандай спорт нысандарына батырлардың есімі берілген
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 13 ақпан – Sputnik. Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай Туризм және спорт министрлігі Екінші дүниежүзілік соғыс батырлары атындағы спорт нысандары туралы... 13.02.2025, Sputnik Қазақстан
2025-02-13T20:11+0500
2025-02-13T20:11+0500
2025-02-13T20:11+0500
ұлы жеңістің 80 жылдығы
https://sputnik.kz/img/07e8/0b/0d/48492932_0:54:960:594_1920x0_80_0_0_dd968252bdbdf83ba7002af5e8b6630d.jpg
АЛМАТЫ, 13 ақпан – Sputnik. Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай Туризм және спорт министрлігі Екінші дүниежүзілік соғыс батырлары атындағы спорт нысандары туралы ақпаратты көпшілік назарларына ұсынды.Кеңес Одағының батыры Бауыржан Момышұлы атындағы орталық стадионБұл – Жамбыл облысы Мойынқұм ауданының орталығындағы негізгі нысандардың бірі. 2022 жылы "Ауыл – ел бесігі" бағдарламасы аясында стадионға жаңғырту жұмыстары жүргізілді. Стадион аумағында заманауи стандарттарға сай кіші және үлкен футбол алаңдары, стрит-воркут алаңқайлары, волейбол және баскетбол алаңдары, жүгіруге арналған арнайы жолақтар бар.Кеңес Одағының батыры Нұркен Әбдіров атындағы спорт сарайыСпорт нысаны Қарағанды қаласының орталығында орналасқан. Ғимараттың іргетасы 1958 жылы қаланған. Мұнда су добы, дзюдо, қазақ күресі, еркін күрес, грек-рим күресі, кикбокс, жүзу және басқа да спорт түрлерінен тұрақты түрде оқу-жаттығу өтеді. Халықаралық және республикалық деңгейдегі жарыстар да негізінен осында ұйымдастырылады.Кеңес Одағының батыры Махмет Қайырбаев атындағы ұлттық спорт түрлері спорт клубыПавлодар қаласында орналасқан клуб Ертіс-Баян өңіріндегі ұлттық спортты дамытуға ерекше үлес қосып отырған мекемелердің бірі саналады. Мұнда 150-ден астам спортшы жаттығады. Ұлттық спорт түрлерінен облыстың негізгі құрамын жасақтайтын мекеменің өкілдері республикалық және халықаралық жарыстарда аймақ намысын абыроймен қорғап жүр.Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұлова атындағы мектеп-интернат-колледжіҚарағанды қаласындағы облыстық мамандандырылған олимпиадалық резерв колледжінің негізі 1971 жылы қаланған. 1988 жылы оған Әлия Молдағұлованың есімі берілді. Өңірдегі спортқа бейім жеткіншектердің басын біріктіріп отырған мекемеден есімдері елге мәлім спортшылар тәрбиеленіп шыққан.Кеңес Одағының батыры Қазбек Нұржанов атындағы жеңіл атлетика манежіҚарағанды қаласында орналасқан манежге 2023 жылы жаңғырту жұмыстары жүргізілді. Соның нәтижесінде мүмкіндігі шектеулі спортшылардың алаңсыз жаттығуына қолайлы жағдай жасалды. Мәселен, былтыр Парижде өткен Паралимпиада ойындарында қола жүлдегер атанған пара жеңіл атлет Дастан Мұқашбеков осы жерде жаттығады.Шоқыр Бөлтекұлы атындағы Маңғыстау облыстық жоғары спорт жетістіктері мектебіҚазақ боксының негізін қалаған тұлғаның атын иеленген мектеп Ақтау қаласында орналасқан. Мұнда спорттың олимпиадалық түрлерінен облыстың негізгі құрамы жасақталып, жаттығады. Мектепті бокстан 2012 және 2016 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Әділбек Ниязымбетов басқарады.Соғыс ардагері Сары Хасенов атындағы стадионБұл – Жамбыл облысы Шу ауданындағы негізгі спорттық нысанның бірі. Жеткіншектер мұнда футбол, шағын футбол, жеңіл атлетика және басқа да спорт түрлерімен айналысады. Стадионда спортшылардың кәсіби дайындықтан өтуіне қолайлы жағдай жасалған.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/0b/0d/48492932_0:0:960:720_1920x0_80_0_0_372867d895435688f714b29add2ffe1a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
АЛМАТЫ, 13 ақпан – Sputnik. Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай Туризм және спорт министрлігі Екінші дүниежүзілік соғыс батырлары атындағы спорт нысандары туралы ақпаратты көпшілік назарларына ұсынды.
Кеңес Одағының батыры Бауыржан Момышұлы атындағы орталық стадион
Бұл – Жамбыл облысы Мойынқұм ауданының орталығындағы негізгі нысандардың бірі. 2022 жылы "Ауыл – ел бесігі" бағдарламасы аясында стадионға жаңғырту жұмыстары жүргізілді. Стадион аумағында заманауи стандарттарға сай кіші және үлкен футбол алаңдары, стрит-воркут алаңқайлары, волейбол және баскетбол алаңдары, жүгіруге арналған арнайы жолақтар бар.
Кеңес Одағының батыры Нұркен Әбдіров атындағы спорт сарайы
Спорт нысаны Қарағанды қаласының орталығында орналасқан. Ғимараттың іргетасы 1958 жылы қаланған. Мұнда су добы, дзюдо, қазақ күресі, еркін күрес, грек-рим күресі, кикбокс, жүзу және басқа да спорт түрлерінен тұрақты түрде оқу-жаттығу өтеді. Халықаралық және республикалық деңгейдегі жарыстар да негізінен осында ұйымдастырылады.
Кеңес Одағының батыры Махмет Қайырбаев атындағы ұлттық спорт түрлері спорт клубы
Павлодар қаласында орналасқан клуб Ертіс-Баян өңіріндегі ұлттық спортты дамытуға ерекше үлес қосып отырған мекемелердің бірі саналады. Мұнда 150-ден астам спортшы жаттығады. Ұлттық спорт түрлерінен облыстың негізгі құрамын жасақтайтын мекеменің өкілдері республикалық және халықаралық жарыстарда аймақ намысын абыроймен қорғап жүр.
Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұлова атындағы мектеп-интернат-колледжі
Қарағанды қаласындағы облыстық мамандандырылған олимпиадалық резерв колледжінің негізі 1971 жылы қаланған. 1988 жылы оған Әлия Молдағұлованың есімі берілді. Өңірдегі спортқа бейім жеткіншектердің басын біріктіріп отырған мекемеден есімдері елге мәлім спортшылар тәрбиеленіп шыққан.
Кеңес Одағының батыры Қазбек Нұржанов атындағы жеңіл атлетика манежі
Қарағанды қаласында орналасқан манежге 2023 жылы жаңғырту жұмыстары жүргізілді. Соның нәтижесінде мүмкіндігі шектеулі спортшылардың алаңсыз жаттығуына қолайлы жағдай жасалды. Мәселен, былтыр Парижде өткен Паралимпиада ойындарында қола жүлдегер атанған пара жеңіл атлет Дастан Мұқашбеков осы жерде жаттығады.
Шоқыр Бөлтекұлы атындағы Маңғыстау облыстық жоғары спорт жетістіктері мектебі
Қазақ боксының негізін қалаған тұлғаның атын иеленген мектеп Ақтау қаласында орналасқан. Мұнда спорттың олимпиадалық түрлерінен облыстың негізгі құрамы жасақталып, жаттығады. Мектепті бокстан 2012 және 2016 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Әділбек Ниязымбетов басқарады.
Соғыс ардагері Сары Хасенов атындағы стадион
Бұл – Жамбыл облысы Шу ауданындағы негізгі спорттық нысанның бірі. Жеткіншектер мұнда футбол, шағын футбол, жеңіл атлетика және басқа да спорт түрлерімен айналысады. Стадионда спортшылардың кәсіби дайындықтан өтуіне қолайлы жағдай жасалған.