https://sputnik.kz/20250213/mangystau-kasipkerleri-qqs-tolemeytin-iri-kompaniyalarga-saralangan-salyq-saludy-usyndy-50847589.html
Маңғыстау кәсіпкерлері ҚҚС төлемейтін ірі компанияларға сараланған салық салуды ұсынды
Маңғыстау кәсіпкерлері ҚҚС төлемейтін ірі компанияларға сараланған салық салуды ұсынды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 13 ақпан – Sputnik. Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков пен Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары... 13.02.2025, Sputnik Қазақстан
2025-02-13T20:43+0500
2025-02-13T20:43+0500
2025-02-13T20:43+0500
қосымша құн салығы
https://sputnik.kz/img/07e8/0a/0a/47720250_0:0:1200:675_1920x0_80_0_0_27ada75fa95f2cd016eebe4f3b3acdb9.jpg
АСТАНА, 13 ақпан – Sputnik. Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков пен Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Жәнібек Нұржанов Ақтау қаласында бизнес-қоғамдастықпен кездесті.200-ге жуық кәсіпкер қатысқан кездесу барысында жаңа Салық кодексі және оның бизнеске әсері талқыланды, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.Бауыржан Омарбеков азық-түлік, әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасының өсуіне жол бермеу үшін микро және шағын бизнесті қосылған құн салығын (ҚҚС) төлеуден толық босату мүмкіндігі қарастырылып жатқанын атап өтті.Жәнібек Нұржанов үкімет кәсіпкерлердің нақты ұсыныстарын мұқият талдап, алдағы уақытта парламентке ұсынатынын айтты.Маңғыстаулық кәсіпкерлер қоғамда белсенді талқыланып жатқан қосылған құн салығы туралы пікір білдірді.Сондай-ақ ол ойын бизнесі әсіресе жоғары кірісі бар сала екенін атап өтті. Аталған бизнес түріне де салық салу әділ қадам болады. Бұл бюджетке айтарлықтай кіріс әкелуі мүмкін."Біз де өз ұсынысымызды айттық. Кәсіпкерлердің пікірін ескеру маңызды. ҚҚС өсімі бюджетке түсетін салық түсімдерін ұлғайтуға тиіс. Алайда егер тұтыну азайып, бизнестің бір бөлігі көлеңкеге кетсе, тиімділік күтілгеннен аз болуы мүмкін", — деді "TaxServiceKz" ЖШС директоры Жасұлан Серік.Үкімет мүшелері айтылған барлық ұсыныс-тілектерді қаперге аламыз деп уәде берді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/0a/0a/47720250_176:0:1076:675_1920x0_80_0_0_24cd55ba7bdec120777bf0198d16695f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қосымша құн салығы
АСТАНА, 13 ақпан – Sputnik. Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков пен Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Жәнібек Нұржанов Ақтау қаласында бизнес-қоғамдастықпен кездесті.
200-ге жуық кәсіпкер қатысқан кездесу барысында жаңа Салық кодексі және оның бизнеске әсері талқыланды, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.
Бауыржан Омарбеков азық-түлік, әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасының өсуіне жол бермеу үшін микро және шағын бизнесті қосылған құн салығын (ҚҚС) төлеуден толық босату мүмкіндігі қарастырылып жатқанын атап өтті.
Жәнібек Нұржанов үкімет кәсіпкерлердің нақты ұсыныстарын мұқият талдап, алдағы уақытта парламентке ұсынатынын айтты.
Маңғыстаулық кәсіпкерлер қоғамда белсенді талқыланып жатқан қосылған құн салығы туралы пікір білдірді.
"ҚҚС мөлшерлемесінің өсуі шағын бизнеске әсер етуі мүмкін. Табысы жоғары және ҚҚС төлемейтін экономиканың ірі секторларына сараланған салық салуды ұсынамыз", — деді Өңірлік кеңестің төрағасы Жалғас Мырзағалиев.
Сондай-ақ ол ойын бизнесі әсіресе жоғары кірісі бар сала екенін атап өтті. Аталған бизнес түріне де салық салу әділ қадам болады. Бұл бюджетке айтарлықтай кіріс әкелуі мүмкін.
"Біз де өз ұсынысымызды айттық. Кәсіпкерлердің пікірін ескеру маңызды. ҚҚС өсімі бюджетке түсетін салық түсімдерін ұлғайтуға тиіс. Алайда егер тұтыну азайып, бизнестің бір бөлігі көлеңкеге кетсе, тиімділік күтілгеннен аз болуы мүмкін", — деді "TaxServiceKz" ЖШС директоры Жасұлан Серік.
Үкімет мүшелері айтылған барлық ұсыныс-тілектерді қаперге аламыз деп уәде берді.