https://sputnik.kz/20250213/bugin-baraat-tuni-qasietti-tundi-qalay-otkizu-kerek-50836593.html
Бүгін Бараат түні: қасиетті түнді қалай өткізу керек
Бүгін Бараат түні: қасиетті түнді қалай өткізу керек
Sputnik Қазақстан
Бараат – мұсылмандар үшін ерекше түн. Оны барынша құлшылықпен, дұғамен өткізген жөн 13.02.2025, Sputnik Қазақстан
2025-02-13T14:08+0500
2025-02-13T14:08+0500
2025-02-13T14:08+0500
ораза
дін
https://sputnik.kz/img/07e5/05/0d/17034551_0:0:3000:1688_1920x0_80_0_0_3bb95f3822ca9d9e0f2cd7902307f86b.jpg
АСТАНА, 13 ақпан – Sputnik. Бүгін күллі мұсылман қауымы қасиетті Бараат түнін қарсы алады. Биыл ол ақпанның 13-інен 14-іне қараған түнге түсіп тұр. Мұсылмандар үшін ерекше саналатын түнді қалай өткізу керек екенін Sputnik Қазақстан дерекқорынан оқыңыз.Қадыр түнінен кейінгі ең ұлық түнХижра күнтізбесі бойынша Бараат түні Шағбан айының 14-інен 15-іне қараған түнге түседі, Бұл түн "кешірім, кешірім, тағдыр, тозақтан құтылу түні" деп те аталады. Өйткені осы түні Алла Тағала ғибадат еткендерді рақымына бөлеп, тәубесін қабыл алып, күнәларын кешіреді, мейіріміне бөлейді. Ислам ғұламалары бұл түнге "Қадыр түнінен кейінгі ең ұлық түн" деп баға берген.Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): "Бес түнді ұйықтамай құлшылықпен өткізген адам міндетті түрде жәннатқа кіреді. Олар – Тәруия, Арапа, Құрбан айт, Ораза айт және Шағбанның он бесінші түндері", – деген.Бараат түнін қалай өткізу керекБараат түні – періштелер жер бетіне түсіп, дұға қабыл болатын берекелі түн. Сондықтан бұл түнді Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) көп салауат айтып, Алладан біліп-білмей істеген күналардың кешірілуін тілеп, дұға, ғибадат, құлшылықпен өткізген абзал.Бараат түнін дұрыс қарсы алу үшін бұл түнді ұйқысыз өткізген дұрыс. Бұл түні, ең алдымен, парыз намаздарды оқып, сосын сүннет және мұстахаб ғибадаттарды орындаған абзал. Бараат түнінде көп ғибадат жасау керек.Бұл түні мұсылман адам өз өмірі мен жыл бойы істеген істерін електен өткізіп, ойлануы керек. Егер қателік жасағанын түсінсе, Құдайдан кешірім сұрап, оны түзетуге тырысқаны абзал. Егер біреуді ренжітсе немесе біреумен араздасып қалса, одан кешірім сұрап, достасуы керек. Егер біреуден қарыз алып, оны қайтармай жүрсе, дереу берешекті қайтарудың жолын табуы қажет.Қандай амалдар жасау керекБараат түні алдымен құптан мен таң намазын жамағат болып оқыған дұрыс. Одан тағы бірқатар амалдар бар. Олар:Оразаны қай күні ұстайдыПайғамбарымыз (с.ғ.с.): "Шағбан айының жартысы толған түнді құлшылықпен өткізіңдер. Күндіз ораза ұстаңдар. Өйткені, Алла Тағала күн ұясына батқан шақта: "Кешірім тілеуші бар ма, кешірейін. Ризық сұраушы бар ма, ризық берейін. Ауру-сырқауға ұшыраған бар ма, шипасын берейін", – деп, таң шапағы атқанға дейін рақымын төгеді", дейді.Осылайша, ақпан айының 13-і күні түнде ғибадат жасап, ертесінде күндіз, яғни, 14 ақпанда ораза ұстауға болады. Бұл күні ораза тұту – мұстахаб. Ал ораза ұстамаған адам күнәһар болмайды.Оразаға ниет қылуОраза ұстағысы келген адам ниетін "нәпіл ораза ұстамаққа" деп ниет етеді. Мысалы, сәресіде ас ішіп болғаннан кейін: "Алла разылығы үшін бүгін Бараат күніне орай нәпіл ораза ұстамаққа ниет еттім. ХалисалиЛләһи Тағала", - деп ниет білдірсе болады.Ораза кестесіБараат күнгі оразаны жергілікті ораза кестесі бойынша ұстайды. Атап айтқанда, таң намазы кірген уақыт ауыз бекіту уақыты болады, сол кезде сәренің ішіп алу керек. Ал ақшам намазы кірген уақыт ауыз уақытының кіргенін білдіреді.
https://sputnik.kz/20241016/2025-zhyly-ramazan-ayy-qashan-bastalady-47866559.html
https://sputnik.kz/20241016/2025-zhyldyn-dini-kunder-kestesi-bekitildi-47862871.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/05/0d/17034551_749:0:3000:1688_1920x0_80_0_0_559c20000196e2e305a19d45c815abbf.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ораза, дін
Бүгін Бараат түні: қасиетті түнді қалай өткізу керек
Бараат – мұсылмандар үшін ерекше түн. Оны барынша құлшылықпен, дұғамен өткізген жөн
АСТАНА, 13 ақпан – Sputnik. Бүгін күллі мұсылман қауымы қасиетті Бараат түнін қарсы алады. Биыл ол ақпанның 13-інен 14-іне қараған түнге түсіп тұр. Мұсылмандар үшін ерекше саналатын түнді қалай өткізу керек екенін Sputnik Қазақстан дерекқорынан оқыңыз.
Қадыр түнінен кейінгі ең ұлық түн
Хижра күнтізбесі бойынша Бараат түні Шағбан айының 14-інен 15-іне қараған түнге түседі, Бұл түн "кешірім, кешірім, тағдыр, тозақтан құтылу түні" деп те аталады. Өйткені осы түні Алла Тағала ғибадат еткендерді рақымына бөлеп, тәубесін қабыл алып, күнәларын кешіреді, мейіріміне бөлейді. Ислам ғұламалары бұл түнге "Қадыр түнінен кейінгі ең ұлық түн" деп баға берген.
Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): "Бес түнді ұйықтамай құлшылықпен өткізген адам міндетті түрде жәннатқа кіреді. Олар – Тәруия, Арапа, Құрбан айт, Ораза айт және Шағбанның он бесінші түндері", – деген.
Бараат түнін қалай өткізу керек
Бараат түні – періштелер жер бетіне түсіп, дұға қабыл болатын берекелі түн. Сондықтан бұл түнді Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) көп салауат айтып, Алладан біліп-білмей істеген күналардың кешірілуін тілеп, дұға, ғибадат, құлшылықпен өткізген абзал.
Бараат түнін дұрыс қарсы алу үшін бұл түнді ұйқысыз өткізген дұрыс. Бұл түні, ең алдымен, парыз намаздарды оқып, сосын сүннет және мұстахаб ғибадаттарды орындаған абзал. Бараат түнінде көп ғибадат жасау керек.
Бұл түні мұсылман адам өз өмірі мен жыл бойы істеген істерін електен өткізіп, ойлануы керек. Егер қателік жасағанын түсінсе, Құдайдан кешірім сұрап, оны түзетуге тырысқаны абзал. Егер біреуді ренжітсе немесе біреумен араздасып қалса, одан кешірім сұрап, достасуы керек. Егер біреуден қарыз алып, оны қайтармай жүрсе, дереу берешекті қайтарудың жолын табуы қажет.
Қандай амалдар жасау керек
Бараат түні алдымен құптан мен таң намазын жамағат болып оқыған дұрыс. Одан тағы бірқатар амалдар бар. Олар:
тәубе ету және истиғфар айтуға көңіл бөліп, түрлі бидғаттардан сақтану;
өзі және мұсылман үмметі үшін қайырлы дұға жасау;
шамасына қарай зікір айту, нәпіл намаз оқу, Құран тиләуат ету;
Шағбан айының он бесінші күні ораза ұстау.
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): "Шағбан айының жартысы толған түнді құлшылықпен өткізіңдер. Күндіз ораза ұстаңдар. Өйткені, Алла Тағала күн ұясына батқан шақта: "Кешірім тілеуші бар ма, кешірейін. Ризық сұраушы бар ма, ризық берейін. Ауру-сырқауға ұшыраған бар ма, шипасын берейін", – деп, таң шапағы атқанға дейін рақымын төгеді", дейді.
Осылайша, ақпан айының 13-і күні түнде ғибадат жасап, ертесінде күндіз, яғни, 14 ақпанда ораза ұстауға болады. Бұл күні ораза тұту – мұстахаб. Ал ораза ұстамаған адам күнәһар болмайды.
Ораза ұстағысы келген адам ниетін "нәпіл ораза ұстамаққа" деп ниет етеді. Мысалы, сәресіде ас ішіп болғаннан кейін: "Алла разылығы үшін бүгін Бараат күніне орай нәпіл ораза ұстамаққа ниет еттім. ХалисалиЛләһи Тағала", - деп ниет білдірсе болады.
Бараат күнгі оразаны жергілікті ораза кестесі бойынша ұстайды. Атап айтқанда, таң намазы кірген уақыт ауыз бекіту уақыты болады, сол кезде сәренің ішіп алу керек. Ал ақшам намазы кірген уақыт ауыз уақытының кіргенін білдіреді.