Астанадағы кәсіпорыннан мыс құбырларды ұрлағандар ұсталды

© Sputnik / Владимир Песня
/ Жазылу
Түнде күдікті сыбайластарымен бірге салынып жатқан кешенге заңсыз кіріп, одан ұзындығы 5 метр болатын 140 мыс құбырды ұрлап кеткен
АСТАНА, 13 ақпан — Sputnik. Астанада фирма аумағынан мыс құбырлар ұрланды, деп хабарлайды Polisia.kz.
102 арнаға қаладағы өндіріс орындарының бірінің аумағынан құбырлардың ұрланғаны туралы хабарлама түсті. Қылмысты ашу үшін тәртіп сақшылары аумақты жіті тексеріп, оқиға куәгерлерінен жауап алды.
102 арнаға қаладағы өндіріс орындарының бірінің аумағынан құбырлардың ұрланғаны туралы хабарлама түсті. Қылмысты ашу үшін тәртіп сақшылары аумақты жіті тексеріп, оқиға куәгерлерінен жауап алды.
Жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде криминалдық полиция қызметкерлері қылмыскердің жеке басын анықтады. Ол бұрын осы кәсіпорында жұмыс істеген 42 жастағы қала тұрғыны болып шықты.
"Тергеу барысында анықталғандай, компанияның бұрынғы қызметкері басшылықтың хабардар екенін, олардың да бұл іске қатысы бар екенін айтып, алаяқтық жолмен екі танысын ұйымның мүлкін тартып алуға көндірген. Түнде күдікті сыбайластарымен бірге салынып жатқан кешенге заңсыз кіріп, одан ұзындығы 5 метр болатын 140 мыс құбырды ұрлап кеткен. Олар ұрланған мүлікті металл сынықтары ретінде темір қабылдайтын орынға тапсырған. Келтірілген материалдық шығын 2 миллион теңгеден асады", - деп жазылған материалда.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Күдікті ұсталып, кейін кінәсін мойындады. Ал қалған екі сыбайласы куәгер ретінде қатысуда.