Талдықорғанда 2 жарым мың кәсіпкердің құқығы қорғалды

© Sputnik/Ертай СарбасовАнтикоррупционная служба. Здание в Алматы
Антикоррупционная служба. Здание в Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.02.2025
Жазылу
АСТАНА, 12 ақпан – Sputnik. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Талдықорғанда 2,4 мың кәсіпкерінің құқығын қорғағанын хабарлады.
2023 жылдан бастап Антикор "Бизнеске жол" жобасын іске асыруда. Соның арқасында Жетісу облысының кәсіпкерлеріне шамамен 23 миллион теңге (45 мың доллар) үнемдеуге көмектесті.
"Жетісу Су Арнасы" мекемесі көрсетілетін қызметтер көлемінің өсуіне қарамастан су тарифін төмендетпеген.
Осылайша бизнес субъектілері үшін тариф 1 текше метр үшін 275,5 (0,53 доллар) теңгеден 251 теңгеге (0,49 доллар) дейін төмендетілді.
Ал жеке тұлғалар үшін 1 текше метр үшін 70-тен 68 теңгеге дейін (0,005 долларға) арзандады.
Бұдан басқа, Антикор облыстағы әкімшілік кедергілерді жойды.
Осы және басқа да заң бұзушылықтар үшін "Жетісу Су Арнасы" мекемесіне 15,5 миллион теңге (30,3 мың доллар) көлемінде айыппұл салынды.
Астана  - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.11.2024
Астанада шенеунікке 260 мың теңгеге жуық айыппұл салынды
Жаңалықтар
0