https://sputnik.kz/20250212/qazaqstan-men-resey-qauipsizdik-kenesterinin-basshylary-syn-qaterlerdi-talqylady-50797571.html
Қазақстан мен Ресей Қауіпсіздік кеңестерінің басшылары сын-қатерлерді талқылады
Қазақстан мен Ресей Қауіпсіздік кеңестерінің басшылары сын-қатерлерді талқылады
Sputnik Қазақстан
Астанада Қазақстан Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Ғизат Нұрдәулетов ресейлік әріптесі Сергей Шойгумен кездесті 12.02.2025, Sputnik Қазақстан
2025-02-12T14:00+0500
2025-02-12T14:00+0500
2025-02-12T14:00+0500
ресей
https://sputnik.kz/img/07e9/02/0c/50795405_0:0:1280:720_1920x0_80_0_0_899a31acda039064a898da40de5b617d.jpg
АСТАНА, 12 ақпан – Sputnik. Қазақстан Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Ғизат Нұрдәулетов Ресей Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Сергей Шойгумен кездесті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Sputnik ақпарат көздерінің хабарлауынша, Қазақстан мен Ресейдің қауіпсіздігін террористік және басқа да қауіптерден қорғау мәселелері, сыртқы саяси жағдай, атап айтқанда, Таяу Шығыстағы жағдай талқыланды.Отырыс алдында Алексей Шевцов пен Нұржан Қажыақбаровтың төрағалығымен екі елдің Қауіпсіздік кеңестері арасында консультациялар өтті.11 ақпанда Ресей Қауіпсіздік кеңесінің баспасөз қызметі тараптар әртүрлі салалардағы екіжақты қарым-қатынас мәселелерін, халықаралық және аймақтық қауіпсіздікке төніп тұрған өзекті сын- қатерлерді, Орталық Азия аймағындағы, сондай-ақ Сирия мен Ауғанстандағы жағдайды талқылайды деген болжам жасады.Сергей Шойгуды Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қабылдайды деп жоспарланып отыр.
ресей
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/02/0c/50795405_161:0:1121:720_1920x0_80_0_0_e222db36e2c4f629b471eb9172f07398.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ресей
Қазақстан мен Ресей Қауіпсіздік кеңестерінің басшылары сын-қатерлерді талқылады
Астанада Қазақстан Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Ғизат Нұрдәулетов ресейлік әріптесі Сергей Шойгумен кездесті
АСТАНА, 12 ақпан – Sputnik. Қазақстан Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Ғизат Нұрдәулетов Ресей Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Сергей Шойгумен кездесті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Sputnik ақпарат көздерінің хабарлауынша, Қазақстан мен Ресейдің қауіпсіздігін террористік және басқа да қауіптерден қорғау мәселелері, сыртқы саяси жағдай, атап айтқанда, Таяу Шығыстағы жағдай талқыланды.
Отырыс алдында Алексей Шевцов пен Нұржан Қажыақбаровтың төрағалығымен екі елдің Қауіпсіздік кеңестері арасында консультациялар өтті.
11 ақпанда Ресей Қауіпсіздік кеңесінің баспасөз қызметі тараптар әртүрлі салалардағы екіжақты қарым-қатынас мәселелерін, халықаралық және аймақтық қауіпсіздікке төніп тұрған өзекті сын- қатерлерді, Орталық Азия аймағындағы, сондай-ақ Сирия мен Ауғанстандағы жағдайды талқылайды деген болжам жасады.
Сергей Шойгуды Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қабылдайды деп жоспарланып отыр.