https://sputnik.kz/20250212/qantardagy-ubt-101-talapker-smartfon-alyp-kirgen-50810958.html
Қаңтардағы ҰБТ: 101 талапкер смартфон алып кірген
Қаңтардағы ҰБТ: 101 талапкер смартфон алып кірген
Sputnik Қазақстан
ҰБТ барысында 197 ереже бұзу фактісі анықталған 12.02.2025, Sputnik Қазақстан
2025-02-12T16:57+0500
2025-02-12T16:57+0500
2025-02-12T17:13+0500
тест
білім
https://sputnik.kz/img/07e5/05/04/16958243_0:183:3316:2048_1920x0_80_0_0_ba6cb61197f18dbef70b1672a5b98116.jpg
АСТАНА, 12 ақпан – Sputnik. 164 мыңға жуық адам қаңтар айындағы ҰБТ-ны тапсырды. Оның ішінде талапкерлердің 76,81%-ы қазақ тілінде, 23,14%-ы орыс тілінде, 89 адам ағылшын тілінде тестілеуден өтті, деп хабарлады ғылым және жоғары білім министрлігі.70,35%-ға жуық талапкер шекті балл жинады. Орташа балл 65,81 балды құрады. Ең жоғары балл – 139. Жалпы 186 талапкер 130-дан жоғары балл жинады."Тестке қатысушылардың басым бөлігі "Математика-Физика" комбинацияларын таңдаған, атап айтқанда, 17,5%-ы тапсырды. "Биология-Химия" пәндерін 17,27%-і таңдаған. Сондай-ақ бұл үштік қатарында талапкерлердің 10,29% таңдаған "Математика-Информатика" комбинациясы кірді. Ең аз таңдалған комбинация – "Химия-Физика", оны 197 адам тапсырған", - деп жазылған хабарламада.Ұлттық тестілеу орталығының ақпаратына мсәйкес, 2025 жылғы қаңтардағы ҰБТ қорытындысы бойынша талапкерлер "Оқу сауаттылығы" пәнін жоғары көрсеткіш көрсеттті. Орташа есеппен сұрақтардың 75,43%-ына дұрыс жауап берілген. Ал "Физиканы" тапсырғандардың тек 32,32%-і тапсырманы дұрыс орындаған, олар үшін "Электромагниттік индукция" тақырыбы қиын болды.Ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқуға түсушілер үшін қолайлы жағдай жасаудың арқасында қаңтар ҰБТ-сына 392 талапкер қатысқанын айта кеткен жөн.ҰБТ барысында 197 ереже бұзу фактісі анықталған. Оның ішінде 101 талапкер смартфон және шпаргалка сияқты тыйым салынған заттарды алып өту әрекеті салдарынан тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды, ал тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан 96 адам шығарылды. Өзге тұлғалар анықталған жоқ.
https://sputnik.kz/20250113/qantar-ayynda-otetin-ubt-bastaldy-49923406.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/05/04/16958243_477:0:3208:2048_1920x0_80_0_0_3b250a7b50850ae2643fdb46e81573de.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
тест, білім
Қаңтардағы ҰБТ: 101 талапкер смартфон алып кірген
16:57 12.02.2025 (жаңартылды: 17:13 12.02.2025) ҰБТ барысында 197 ереже бұзу фактісі анықталған
АСТАНА, 12 ақпан – Sputnik. 164 мыңға жуық адам қаңтар айындағы ҰБТ-ны тапсырды. Оның ішінде талапкерлердің 76,81%-ы қазақ тілінде, 23,14%-ы орыс тілінде, 89 адам ағылшын тілінде тестілеуден өтті, деп хабарлады
ғылым және жоғары білім министрлігі.
70,35%-ға жуық талапкер шекті балл жинады. Орташа балл 65,81 балды құрады. Ең жоғары балл – 139. Жалпы 186 талапкер 130-дан жоғары балл жинады.
"Тестке қатысушылардың басым бөлігі "Математика-Физика" комбинацияларын таңдаған, атап айтқанда, 17,5%-ы тапсырды. "Биология-Химия" пәндерін 17,27%-і таңдаған. Сондай-ақ бұл үштік қатарында талапкерлердің 10,29% таңдаған "Математика-Информатика" комбинациясы кірді. Ең аз таңдалған комбинация – "Химия-Физика", оны 197 адам тапсырған", - деп жазылған хабарламада.
Ұлттық тестілеу орталығының ақпаратына мсәйкес, 2025 жылғы қаңтардағы ҰБТ қорытындысы бойынша талапкерлер "Оқу сауаттылығы" пәнін жоғары көрсеткіш көрсеттті. Орташа есеппен сұрақтардың 75,43%-ына дұрыс жауап берілген. Ал "Физиканы" тапсырғандардың тек 32,32%-і тапсырманы дұрыс орындаған, олар үшін "Электромагниттік индукция" тақырыбы қиын болды.
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқуға түсушілер үшін қолайлы жағдай жасаудың арқасында қаңтар ҰБТ-сына 392 талапкер қатысқанын айта кеткен жөн.
ҰБТ барысында 197 ереже бұзу фактісі анықталған. Оның ішінде 101 талапкер смартфон және шпаргалка сияқты тыйым салынған заттарды алып өту әрекеті салдарынан тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды, ал тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан 96 адам шығарылды. Өзге тұлғалар анықталған жоқ.