https://sputnik.kz/20250212/ketetin-boldym-nazarbaevtyn-zhieni-manyzdy-sheshim-qabyldaganyn-malimdedi-50792529.html
"Кететін болдым": Назарбаевтың жиені маңызды шешім қабылдағанын мәлімдеді
"Кететін болдым": Назарбаевтың жиені маңызды шешім қабылдағанын мәлімдеді
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 12 ақпан – Sputnik. Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жиені Нұрәлі Әлиев қазақстандық ірі байланыс операторларының бірі "Транстелеком" компаниясынан... 12.02.2025, Sputnik Қазақстан
2025-02-12T10:34+0500
2025-02-12T10:34+0500
2025-02-12T10:34+0500
назарбаев
https://sputnik.kz/img/1206/93/12069384_0:0:3072:1728_1920x0_80_0_0_f8d5cdd42d9943521709e00bf4c95c47.jpg
АСТАНА, 12 ақпан – Sputnik. Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жиені Нұрәлі Әлиев қазақстандық ірі байланыс операторларының бірі "Транстелеком" компаниясынан кететінін мәлімдеді.Ол 2013 жылы "Транстелекомды" басқаруға келген кезде компания теміржол саласына қызмет көрсететін шағын жергілікті байланыс операторы болғанын атап өтті."Сол кезде алдымызда "Транстелекомды" заманауи, жоғары технологиялық компанияға айналдыру, инновацияларды енгізу және жаңа бағыттарды дамыту секілді ауқымды міндеттер тұрды. Ұжымның күш-жігері мен клиенттеріміздің қолдауының арқасында біз мұның бәріне қол жеткіздік", - деді Нұрәлі Әлиев.Оның айтуынша компанияның таза пайда 290% – 4,8-ден 18,7 млрд теңгеге дейін өскен. Бұлтты технологиялар бағытындағы кіріс 52 есе ұлғайған."Қарыздық жүктеме 50%-ға төмендетілді және бөлшек бизнес табысы 116% өсті. Сонымен қатар компанияның сату көлемі 2013 жылғы 15,8 миллиард теңгеден 2024 жылғы 86,2 миллиард теңгеге дейін, яғни 5,5 есе артты", - деп түйіндеді ол.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1206/93/12069384_286:0:3017:2048_1920x0_80_0_0_b9d95d454d9d11541e40d65534baed91.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
назарбаев
АСТАНА, 12 ақпан – Sputnik. Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жиені Нұрәлі Әлиев қазақстандық ірі байланыс операторларының бірі "Транстелеком" компаниясынан кететінін мәлімдеді.
"Бүгін маңызды жаңалықты бөлісейін деп шештім. "Транстелеком" АҚ-да 10 жылдан астам уақыт жұмыс істегеннен кейін мен компанияның сатылуына байланысты акционерлер құрамынан шығып, директорлар кеңесінің төрағасы қызметінен кету туралы шешім қабылдадым", - деп жазды ол желідегі парақшасында.
Ол 2013 жылы "Транстелекомды" басқаруға келген кезде компания теміржол саласына қызмет көрсететін шағын жергілікті байланыс операторы болғанын атап өтті.
"Сол кезде алдымызда "Транстелекомды" заманауи, жоғары технологиялық компанияға айналдыру, инновацияларды енгізу және жаңа бағыттарды дамыту секілді ауқымды міндеттер тұрды. Ұжымның күш-жігері мен клиенттеріміздің қолдауының арқасында біз мұның бәріне қол жеткіздік", - деді Нұрәлі Әлиев.
Оның айтуынша компанияның таза пайда 290% – 4,8-ден 18,7 млрд теңгеге дейін өскен. Бұлтты технологиялар бағытындағы кіріс 52 есе ұлғайған.
"Қарыздық жүктеме 50%-ға төмендетілді және бөлшек бизнес табысы 116% өсті. Сонымен қатар компанияның сату көлемі 2013 жылғы 15,8 миллиард теңгеден 2024 жылғы 86,2 миллиард теңгеге дейін, яғни 5,5 есе артты", - деп түйіндеді ол.