https://sputnik.kz/20250212/deputattar-bilim-kreditinin-somasyn-10-mln-tengege-deyin-ulgaytudy-usyndy-50800200.html
Білім кредитінің сомасын 10 млн теңгеге дейін ұлғайту керек – депутат
Білім кредитінің сомасын 10 млн теңгеге дейін ұлғайту керек – депутат
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 12 ақпан – Sputnik. Қазақстан Халық партиясының депутаттары биыл түлектердің рекордтық санына байланысты сараланған гранттарды кеңейтуді және білім... 12.02.2025, Sputnik Қазақстан
2025-02-12T14:28+0500
2025-02-12T14:28+0500
2025-02-12T14:29+0500
кредит
білім
білім гранттары
https://sputnik.kz/img/07e8/06/05/44774395_0:0:1280:720_1920x0_80_0_0_c6c80e5655e084368c1fea3bd06d0d24.jpg
АСТАНА, 12 ақпан – Sputnik. Қазақстан Халық партиясының депутаттары биыл түлектердің рекордтық санына байланысты сараланған гранттарды кеңейтуді және білім кредитінің сомасын ұлғайтуды ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Ресми мәліметке сәйкес, 2023 жылы 168 мыңнан астам түлекке 73 мың грант берілді. Биыл мектеп түлектерінің саны рекордтық 219 мың болады деген болжам бар. Оларға 79 мың грант бөлу жоспарланып отыр. Демек түлектердің 36 проценті ғана тегін оқуға мүмкіндік алады.Бұдан бөлек, фракция депутаттары білім беру кредитінің шарттарын қайта қарау керек деп санайды."Қазақстанда бұндай кредиттің шегі – 5 млн теңге ғана. Ондай сома қазіргі жағдайда өзекті емес, өйткені біздің елімізде бір ғана оқу жылының құны 2 млн теңгеден басталатын жоғары оқу орындары бар. Осы несиенің тағы бір проблемасы – ол пайыздық мөлшерлеменің жоғары болуы, орта есеппен жылына 20%. Мұндай кредит азаматтар үшін тиімсіз", - деп атап өтті Сұңқар.Депутаттар екінші деңгейлі банктермен бірлесіп, жылдық мөлшерлемесі 5% аспайтын, қарыз шегі 10 млн теңгеге дейін жеңілдетілген білім беру несие бағдарламасын әзірлеуді ұсынып отыр.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/06/05/44774395_160:0:1120:720_1920x0_80_0_0_58bae93225a206f96eea2ac78aad6dd5.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
кредит, білім, білім гранттары
кредит, білім, білім гранттары
Білім кредитінің сомасын 10 млн теңгеге дейін ұлғайту керек – депутат
14:28 12.02.2025 (жаңартылды: 14:29 12.02.2025) АСТАНА, 12 ақпан – Sputnik. Қазақстан Халық партиясының депутаттары биыл түлектердің рекордтық санына байланысты сараланған гранттарды кеңейтуді және білім кредитінің сомасын ұлғайтуды ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Ресми мәліметке сәйкес, 2023 жылы 168 мыңнан астам түлекке 73 мың грант берілді. Биыл мектеп түлектерінің саны рекордтық 219 мың болады деген болжам бар. Оларға 79 мың грант бөлу жоспарланып отыр. Демек түлектердің 36 проценті ғана тегін оқуға мүмкіндік алады.
"Осыған байланысты біз білім беру тапсырысының спектрін кеңейту мүмкіндігін қарастырып, ҰБТ-да алынған ұпайларға сай оқу ақысының 30, 50 және 70% төленетін мамандықтардың барлық түрі бойынша сараланған гранттар жүйесін толыққанды енгізуді ұсынамыз", - деді депутат Ислам Сұңқар мәжілістің жалпы отырысында.
Бұдан бөлек, фракция депутаттары білім беру кредитінің шарттарын қайта қарау керек деп санайды.
"Қазақстанда бұндай кредиттің шегі – 5 млн теңге ғана. Ондай сома қазіргі жағдайда өзекті емес, өйткені біздің елімізде бір ғана оқу жылының құны 2 млн теңгеден басталатын жоғары оқу орындары бар. Осы несиенің тағы бір проблемасы – ол пайыздық мөлшерлеменің жоғары болуы, орта есеппен жылына 20%. Мұндай кредит азаматтар үшін тиімсіз", - деп атап өтті Сұңқар.
Депутаттар екінші деңгейлі банктермен бірлесіп, жылдық мөлшерлемесі 5% аспайтын, қарыз шегі 10 млн теңгеге дейін жеңілдетілген білім беру несие бағдарламасын әзірлеуді ұсынып отыр.