Алматыда ашық аспан астында Ұлы Отан соғысындағы техника мұражайы пайда болады
© Sputnik/Ертай СарбасовАлматыда ашық аспан астында Ұлы Отан соғысындағы техника мұражайы пайда болады

© Sputnik/Ертай Сарбасов
Жазылу
АСТАНА, 12 ақпан - Sputnik. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай Алматының әскери-тарихи мұражайы ашық аспан астында соғыс кезіндегі әскери техниканың мұражайын ұйымдастырады. Бұл туралы Sputnik Қазақстан тілшісіне Алматы әскери-тарихи мұражайының басшысы, аты аңызға айналған генерал Иван Васильевич Панфиловтың немересі Алуа Байқадамова айтып берді.
Мұражай 28 панфиловшылар саябағындағы Даңқ мемориалының бір бөлігінде орналасады.
Экспонаттар арасында кеңестік Т-34 танкі де болады. Алуа Байқадамованың айтуынша, 28 гвардияшы-панфиловшылар саябағында экспозицияны құру идеясы бұрыннан болған және оны қалалық әкімдік те, қорғаныс министрлігі де қолдаған.
© Sputnik/Ертай Сарбасов Алуа Байқадамова

Алуа Байқадамова
© Sputnik/Ертай Сарбасов
"Ерболат Досаев - біздің музейді көрген Алматы әкімдерінің бірі. Дәл сол кезде ол менің ұсыныстарым жазылған қағаздармен танысып, мұны құптады. Біз мұражайымызды дамыту туралы әңгімелестік, мен мемориалдық аймаққа соғыс уақытындағы зеңбіректерді қою идеясын айттым", - дейді Алуа Байқадамова.
Оның айтуынша, қалалық және аудандық әкімдіктермен тығыз жұмыс бірден басталды. Бірқатар кездесу өткізіліп, түрлі нұсқалар талқыланды.
"Төрт рет кездесу ұйымдастырылды. Медеу ауданы әкімінің көзқарасы ерекше ұнады. Ол қалыс қалмай, біздің ұсыныстарымызбен, әртүрлі келісімдермен айналысты. Бірақ жұмыстар ұзақ уақытты алды. Содан кейін қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов "өзіміз жасайық!",- деді", - деп еске алады Байқадамова.
Нәтижесінде, Армия үйінде үй-жай мен аумақты жалға алған кәсіпкермен келісімшарт бұзылып, ашық аспан астындағы әскери техника мұражайына орын дайындалды.
© Sputnik/Ертай СарбасовАлматыда ашық аспан астында Ұлы Отан соғысындағы техника мұражайы пайда болады

Алматыда ашық аспан астында Ұлы Отан соғысындағы техника мұражайы пайда болады
© Sputnik/Ертай Сарбасов
"Үйге іргелес жатқан Армия аумағында біз 31 техника мен мылтық орналастыруды жоспарлап отырмыз. Олардың арасында кеңестік қана емес, немістің сирек кездесетін үлгілері де бар. Міне, қазір маған олар бізге аңызға айналған Т-34 танкін тапқанын айтты", - дейді Алматы әскери-тарихи мұражайының басшысы.
Алуа Байқадамованың айтуынша, қазіргі уақытта қайта өңдеу жұмыстары толық жасалып бітті және алты мылтық экспозицияға толық дайын. Қалғандарымен күн сайын мамандар жұмыс істеп жатыр.
"Қалпына келтіру жүріп жатыр. Мұражайға қойылатын заттар өңделіп, қайта боялды. Бояу әдейі таңдалды. Өйткені қазіргі заман мен сол кездегі ерекшеліктің арасы жер мен көктей. Ол кезде қазіргі хакиге қарағанда күңгірт сұр түсті болды. Қорғаныс министрлігінен басқа, әкімдік бізге бұл мәселеде де, Жеңіс мерейтойына дайындықта да қажетті көмек көрсетеді", - дейді Алуа Байқадамова.
Жақында, қалалық әкімшіліктің арқасында Мәңгілік алаудың айналасында мемориалдың осы бөлігін вандалдардан қорғайтын арнайы қоршау қойылды.
"Бұған дейін мемориалда конькимен сырғанайтын, Мәңгілік алау арқылы секіретін. Балалар мәрмәрға шығып алып жүретін. Қазір бұл тоқтады", - деді Алуа Байқадамова.
Оның айтуынша, мерке неғұрлым жақындаған сайын Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығын тойлауға дайындық жұмыстары және барлық министрліктің бірлескен жұмысы белсенді түрде жалғасуда.