Елге заңсыз әкелінген смартфондар 24 наурыздан бастап бұғатталады

© Sputnik / Рамиль Ситдиков / Медиабанкке өтуСтарт продаж iPhone 7 и iPhone 7 Plus
Старт продаж iPhone 7 и iPhone 7 Plus - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.02.2025
Жазылу
Бұл туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің өкілдері арнайы онлайн баспасөз мәслихатында мәлімдеді
АСТАНА, 12 ақпан - Sputnik. Смартфондардың "ақ", "сұр" және "қара" тізімі пайда болады. Цифрлық даму министрлігінің жаңа бұйрығы тасымалдаушыларды смартфондардың IMEI кодтарын тексеруге міндеттейді. Бұл туралы министрлік өкілдерінің арнайы баспасөз мәслихатында айтылды.
"Ақ тізімдегі" смартфондар - заңды сатылған техника. Егер сатып алудың заңдылығына күмән туындаса, мысалы, IMEI коды қайталанса, құрылғы уақытша "сұр тізімге" енеді, смартфон иесіне мәселені 30 күн ішінде шешуге мүмкіндік беріледі.
Смартфонын "ақ тізімге" аудару үшін құрылғыны заңды сатып алғанын дәлелдеу керек.
Егер телефон жалған немесе ұрланған болса, ол "қара тізімге" енеді және абоненттің ұялы телефоны жұмыс істемейді, яғни, бұғатталады.
Қысқасы республикада смартфондарды тіркеу үшін арнайы портал іске қосылады.
Министрліктің айтуынша, жаңа ереже телефон бағасына әсер етпейді.
Мәжілістің жалпы отырысында сөз сөйлеген депутат Екатерина Смышляева мобильді байланыс құрылғыларының "сұр" айналымына қатысты шаралар қабылдауды талап етті.
Телефонмен сөйлесіп тұрған қыз - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.05.2022
Қоғам
Смартфон жанып кетуі мүмкін: қалай алдын алу қажет
Депутат ұялы байланыс құрылғыларын есепке алу үшін "қосымша қадағалау маркерлерін ойлап табудың қажеті жоқ" деп айтты, өйткені оларды өндірушілер өз еркімен IMEI-кодтар түрінде өнімге енгізді және оларды салыстыру үшін халықаралық деректер базасы бар.
"Қаңтарда цифрлық даму министрлігі осы салада тәртіп орнату бойынша алғашқы шараны қабылдады. Пайдаланушының ЖСН/БСН-мен байланыстыра отырып, IMEI бойынша абоненттік құрылғыларды тіркеуді, тіркелмеген құрылғыларды бұғаттауды және бастапқы қосылған кезде тіркеу мерзімдерін регламенттейтін бұйрыққа қол қойылды. Алайда, тапсырыс деңгейін реттеу - бұл жартылай ғана шара. Заңды құрылғылардың заңсыз құрылғылардан айырмашылығын анықтау тәртібі жоқ, сондай-ақ қайталама нарық пен қайта экспорттау схемалары ескерілмеген", - деп есептейді Екатерина Смышляева.
Депутат импорттың және салық төлеудің заңдылығын тексеру үшін IMEI жүйесінің кедендік деректермен интеграциялануын қамтамасыз етуді талап етті. IMEI-ді зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізілімімен автоматты түрде салыстыру керек дейді ол. Сонымен қатар кедендік рәсімдерден ресми түрде өткен импортталған құрылғылардың "ақ тізімін" құру және оны сатып алу кезінде құрылғыны тексеру үшін әр тұтынушыға қолжетімді ету қажет.
Сондай-ақ жеке пайдалануға арналған мобильді құрылғыларды әкелудің белгіленген нормасынан асқан кезде лимиттерді (жылына екіден аспайтын құрылғыны сатып алу) және міндетті декларациялауды енгізуді ұсынды.
Бұл ретте ережелер шыққанға дейін елге әкелінген құрылғылар қызмет ету мерзімі аяқталғанға дейін заңдастырылуы және табиғи түрде айналымнан шығарылуы тиіс. Депутаттың пікірінше, ұсынылған шаралар заңсыз импортты азайтады, тұтынушыны қорғайды және импорттаушыларға салық әділ салынады.
Ұялы телефон - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.01.2025
Қымбатшылықты түсінбеймін: вице-министр ұялы байланысқа қатысты пікірін айтты
Жаңалықтар
0