Қазақстанда УЕФА Конференция лигасының финалы өтуі мүмкін

© Sputnik / Виталий Тимкив / Медиабанкке өтуЕуропа Лигасы
Еуропа Лигасы - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.02.2025
Жазылу
Орталық Азия тарихында алғаш рет УЕФА президенті Қазақстанға ресми сапармен келуі мүмкін
АСТАНА, 11 ақпан - Sputnik. Қазақстан футбол федерациясының (ҚФФ) президенті Марат Омаров УЕФА-ның Ньон қаласындағы (Швейцария) штаб-пәтерінде ресми сапармен болып, УЕФА президенті Александр Чеферинмен жұмыс кездесуін өткізді.
Әңгіме барысында Марат Омаров УЕФА басшысына Қазақстанға ресми сапармен келуді ұсынды. Александр Чеферин шақыруды қабыл алып, 2025 жылы УЕФА президенті ретінде Орталық Азияға алғашқы сапарын жасауды жоспарлап отыр.
Еуропаның ірі турнирін Қазақстанда өткізу мүмкіндігін талқылау кездесудегі өзекті мәселелердің бірі болды. Ықтимал нұсқалар арасында Қазақстанның жастар арасындағы Еуропа чемпионатын өткізу және УЕФА Конференция лигасының финалын Алматы немесе Астанада өткізу мүмкіндіктері талұыланды.
Марат Омаров Швейцарияға сапары барысында УЕФА төрешілер комитетінің басшысы Роберто Розеттимен де кездесті. Тараптар Қазақстанға кеңесшілер тобын жіберу, сондай-ақ ҚФФ төрелік департаментінің директоры лауазымына үміткерді іріктеу және ұсыну жөнінде келісті.
Сонымен қатар, "Hat-Trick" бағдарламасы аясында УЕФА-ның Қазақстан футбол федерациясының жаңа инфрақұрылымдық бастамаларына қолдау көрсету туралы толық келісімге қол жеткізілді.
Давид Лория  - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.01.2025
Спорт
Давид Лория Қазақстан футбол федерациясының вице-президенті болды
Жаңалықтар
0