https://sputnik.kz/20250211/kredittik-kartamen-qaryzga-batpau-ushin-ne-isteu-kerek-50786854.html
Кредиттік картамен қарызға батпау үшін не істеу керек
Кредиттік картамен қарызға батпау үшін не істеу керек
Sputnik Қазақстан
Кредит картасын тек қолма-қол ақшасыз төлемдер үшін пайдаланған жөн 11.02.2025, Sputnik Қазақстан
2025-02-11T20:57+0500
2025-02-11T20:57+0500
2025-02-11T21:09+0500
кредит
банк
https://sputnik.kz/img/618/74/6187481_0:98:2016:1232_1920x0_80_0_0_c7f6640a55efc4c4a5850aedc2bf1527.jpg
АСТАНА, 11 ақпан – Sputnik. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі кредиттік картаны дұрыс пайдалану ережелерін таратты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Кредиттік карта банк қаражаты есебінен тауарды немесе қызметті қысқа мерзімді қарызға сатып алуға мүмкіндік береді. Ал қосымша шығын шығармау үшін қарызды белгіленген мерзімде қайтарып отырған дұрыс. Кредит картасын дұрыс пайдалану қаржыны үнемдеуге және тәуекелдерді азайтуға көмектеседі.Грейс-кезең не үшін беріледіГрейс-кезең – бұл белгілі бір мерзім ішінде (әдетте 30-60 күн) жұмсалған қаражатты пайызсыз қайтаруға болатын уақыт. Қарызды осы мерзім аяқталғанға дейін толық өтеп тастаға дұрыс. Мысалы, егер грейс-кезең 25-і күні аяқталса, сол күнге дейін толық соманы қайтару қажет. Себебі одан кейін банк қарыздың үстінен пайыздарды қоса бастайды.Қолма-қол ақша алмаңызКредит картасынан қолма-қол ақша алған тиімсіз. Банктер комиссия ұстап, бірден пайыз есептей бастайды. Кредит картасын тек қолма-қол ақшасыз төлемдер үшін пайдаланған жөн.Картадан аударым жасамаңызБасқа карталарға жасалатын ақша аударымдары грейс-кезеңге кірмейді. Сондықтан пайыздар бірден есептеледі. Ақша жіберу қажет болса, дебеттік картаны немесе басқа төлем әдістерін қолданған тиімді.Бонустық бағдарламаларды қолдану керекБанктер көп жағдайда кредиттік карталар бойынша кэшбэк, жеңілдіктер және бонустық бағдарламаларды ұсынып отырады. Мәселен, кредит картасымен төлем жасау арқылы қаражаттың бір бөлігін қайтаруға немесе бонус жинауға мүмкіндік беріледі. Дегенмен бонустардың есептелу шарттарын оқып алған дұрыс.Қауіпсіздік ережелерін ұмытпаңызАлаяқтар кредиттік картаның мәліметтерін ұрласа, барлық ақшаны жымқырып кетуі мүмкін. Сондықтан сақтық шараларын ұмытпау қажет. Олар:Қомақты ақшаны жұмсаудың уақыты бар"Егер сіз қомақты сауда жасамақ болсаңыз, оны есептік кезеңнің басында жасаған жөн. Бұл қарызды пайызсыз өтеуге көбірек уақыт береді", - дейді агенттік мамандары.Ал есептік кезеңнің қай кезде басталатынын банктің өзінен білуге болады. Сонда грейс-кезеңді барынша тиімді пайдалануға мүмкіндік бар.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/618/74/6187481_122:0:1894:1329_1920x0_80_0_0_93a521d7f42b5eb1d9e25efc52d85db0.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
кредит, банк
Кредиттік картамен қарызға батпау үшін не істеу керек
20:57 11.02.2025 (жаңартылды: 21:09 11.02.2025) Кредит картасын тек қолма-қол ақшасыз төлемдер үшін пайдаланған жөн
АСТАНА, 11 ақпан – Sputnik. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі кредиттік картаны дұрыс пайдалану ережелерін таратты, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан.
Кредиттік карта банк қаражаты есебінен тауарды немесе қызметті қысқа мерзімді қарызға сатып алуға мүмкіндік береді. Ал қосымша шығын шығармау үшін қарызды белгіленген мерзімде қайтарып отырған дұрыс. Кредит картасын дұрыс пайдалану қаржыны үнемдеуге және тәуекелдерді азайтуға көмектеседі.
Грейс-кезең не үшін беріледі
Грейс-кезең – бұл белгілі бір мерзім ішінде (әдетте 30-60 күн) жұмсалған қаражатты пайызсыз қайтаруға болатын уақыт. Қарызды осы мерзім аяқталғанға дейін толық өтеп тастаға дұрыс. Мысалы, егер грейс-кезең 25-і күні аяқталса, сол күнге дейін толық соманы қайтару қажет. Себебі одан кейін банк қарыздың үстінен пайыздарды қоса бастайды.
Кредит картасынан қолма-қол ақша алған тиімсіз. Банктер комиссия ұстап, бірден пайыз есептей бастайды. Кредит картасын тек қолма-қол ақшасыз төлемдер үшін пайдаланған жөн.
Картадан аударым жасамаңыз
Басқа карталарға жасалатын ақша аударымдары грейс-кезеңге кірмейді. Сондықтан пайыздар бірден есептеледі. Ақша жіберу қажет болса, дебеттік картаны немесе басқа төлем әдістерін қолданған тиімді.
Бонустық бағдарламаларды қолдану керек
Банктер көп жағдайда кредиттік карталар бойынша кэшбэк, жеңілдіктер және бонустық бағдарламаларды ұсынып отырады. Мәселен, кредит картасымен төлем жасау арқылы қаражаттың бір бөлігін қайтаруға немесе бонус жинауға мүмкіндік беріледі. Дегенмен бонустардың есептелу шарттарын оқып алған дұрыс.
Қауіпсіздік ережелерін ұмытпаңыз
Алаяқтар кредиттік картаның мәліметтерін ұрласа, барлық ақшаны жымқырып кетуі мүмкін. Сондықтан сақтық шараларын ұмытпау қажет. Олар:
картаның мәліметтерін өзге тұлғаларға бермеу;
күрделі PIN-кодтар мен құпия сөздерді қолдану;
барлық операцияларды бақылау үшін SMS-хабарламалар қызметін қосу;
тек тексерілген сайттарда төлем жасау;
картаны жоғалтқан жағдайда оны дереу банк арқылы бұғаттау.
Қомақты ақшаны жұмсаудың уақыты бар
"Егер сіз қомақты сауда жасамақ болсаңыз, оны есептік кезеңнің басында жасаған жөн. Бұл қарызды пайызсыз өтеуге көбірек уақыт береді", - дейді агенттік мамандары.
Ал есептік кезеңнің қай кезде басталатынын банктің өзінен білуге болады. Сонда грейс-кезеңді барынша тиімді пайдалануға мүмкіндік бар.