Диқандарға 400 мың тоннадан астам жеңілдетілген дизель отыны дайындалды

© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаГлава государства осмотрел посевные площади ТОО "Дайындык-Агро" и ознакомился с ходом весенне-посевной кампании
Глава государства осмотрел посевные площади ТОО Дайындык-Агро и ознакомился с ходом весенне-посевной кампании - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.02.2025
Жазылу
АЛМАТЫ, 11 ақпан – Sputnik. Шаруаларға көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу үшін 400 мың тоннадан астам жеңілдетілген дизель отыны дайындалды, деп хабарлады үкімет.
Энергетика және ауыл шаруашылығы министрліктері көктемгі егіс жұмыстары үшін 401 мың тонна дизель отынын жеткізу кестесін бекітті. Ол шаруаларға 1 ақпан мен 30 маусымы аралығында жеткізіледі.
Энергетика министрінің айтуынша, соңғы екі жылда дизель отынының бір литрі 228 теңге деңгейінде болды.
"Биылғы 30 қаңтарда АИ-92 және дизель отынының бағасын мемлекеттік реттеу күшінен алынды. Энергетика министрлігі ұсынатын дизель отынының қазіргі бағасы станцияға дейін литріне 232 теңге болады", -деді Алмасадам Сатқалиев.
Оның айтуынша, түпкі бағаны операторлар белгілейді және литріне 254 теңге болуы мүмкін. Бұл литріне 45 теңгеге арзан немесе бөлшек сауда бағасынан 15 % төмен.
Запрет на вывоз нефтепродуктов - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.01.2025
Елімізде бензин мен дизель отынын экспорттауға тыйым салынды
Жаңалықтар
0