Батыс Қазақстанда республикалық маңызы бар жол жабылады

© Sputnik/Ертай СарбасовАлматыдағы тас жол
Алматыдағы тас жол - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.02.2025
Жазылу
Қозғалыс уақытша айналма жол арқылы орындалады
АСТАНА, 11 ақпан - Sputnik. 12 ақпаннан бастап "Ақтөбе - Орал - РФ шекарасы (Сырым өткізу пункті)" автожолы күрделі жөндеу жұмыстарына байланысты жабылады, деп хабарлайды "ҚазАвтоЖол".
"Ақтөбе - Орал - РФ шекарасы бағытындағы күре жолдың 263-265 шақырымында жол жасалады. Республикалық маңызы бар "Подстепное - Федоровка - РФ шекарасы" автожолының 0-36 шақырым аралығында қайта жаңарту жобасы жүзеге асырылып жатыр. Бұл жол "Ақтөбе - Орал - РФ шекарасы" автожолымен жанасады", - дейді ведомстводағылар.
Жоба бойынша құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан мердігер көлік айрығын салу және үйінді мен өтпежолды салу үшін негізгі жұмыстарды бастайды.
"Осыған байланысты 12 ақпаннан бастап "Ақтөбе - Орал - РФ шекарасы (Сырым өткізу пункті)" автожолының 263-265 шақырым аралығындағы ұзындығы 1,5 шақырым учаскесі, сондай-ақ Атырау бағытындағы жол қиылысы уақытша жабылады", - дейді компаниядағылар.
Көліктер ұзындығы 2,2 шақырым болатын уақытша айналма жол арқылы жүретін болады.
Строительство дороги - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.12.2024
Ақтөбе облысында жол құрылысы барысында елеулі кемшіліктер анықталды
Жаңалықтар
0